Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 08 Желтоқсан 2023

Жағы шіріп кеткен: Қызылордада 5 жасар қыз тіс жұлдырамын деп мүгедек болып қалды

тіс дәрігері
Фото: из открытых источников

Қызылордада 2022 жылы қыркүйек айында мемлекеттік тіс емханасынан тісін жұлғызған Аяулым есімді 5 жасар қыз қазір мүгедек болып қалған. Сол жұлғызған күннен бастап кішкентай қыздың тістері ісіп, шыдатпай ауыртқан. Ары қарай ауырсыну да үдей түскен, оқиғаның мән-жайын Zhasalash.kz баяндайды. 

Арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқаннан соң тісін жұлған. Алайда қазір ауыруы басылмай керісінше, ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болған. Алматылық мамандар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Дәрігерлер жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ екенін айтқан.

Аяулымның анасы Гауһар Ермағанбетова:

"Мына жері жоқ қой қазір. Бұл жер өсу өспеуі белгісіз болып тұр. Өспеу қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі бұндай диагнозбен барғанда, стамотолог врач, ортодонттар или хирургтар жұмыс жасау керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен",-деді.

Ал аталған іске қатысты медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. 

"Сол кезде қолданыста жүрген стандарт бойынша 10/53 пантеисттің құқығы бар болатын. Шұғыл түрде көмек көрсететін зубной врач деген болады. Сол тараппен көрсетілген. Ал осы жылы ақпан айында шыққан стандартта ол қызмет түрі алынып тастаған. Егерде тағы да тістері ауырып жатқан болса, жағдайы нашарлап жатқан кезде әрдайым көмегімізді көрсетуге дайынбыз",-деп мәлімдеді қалалық орталық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлзира Садықова. 

Бүгінде анасы қызына ерекше күтім жасап отырғаны мәлім. Биыл мектеп алды даярлық тобына да бара алмаған. Анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ашулы.