Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:01, 29 Маусым 2021

Жағымпаздықтың шегі көрінбей қалды

None
None

«Нұр-Сұңқар» деген не премия? Ауру қоғам болдық па? Кез келген нәрсенің алдына Нұр-ды қоспаса өтпейтін?

 «Нұр Ломбард» пен Нұр СТО-ны» да көрдік қой. Нұр-Сұлтанда екі вокзал бар. Біреуі – Нұрлы жол. Екіншісі – Нұрсұлтан-1. Шетелдің адамдары бізді жынданған зомби деп ойлайтын шығар. Кез келген жерге Нұр-ды тыға бергеніміз ұят емес пе? Бізге білінбейтін шығар, сыртымыздан қарасаң өте жиіркенішті жағымпаздық екен.

  Айдаладағы журналистерге беретін премияңа Нұр-ды қоспасаң болмай ма? «Нұр-Сұңқарды» алғандарды не деп айтамыз? «Нұр-журналистер» дейміз бе? Жағымпаздықтың шегі көрінбей қалды-ау.

Тегтер: