Жайлы мектеп жобасы – балалардың мәселесін түпкілікті шешеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балаларды қолдау жылы деп белгілеген болатын.
Әрі ел президенті осы мақсатта жақында бір жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жөнінде де сөз қозғаған болатын.
Яғни, жолдауда балаларға арналған «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға дейін кемінде 800 мың бала заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалынатыны айтылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтып қана қойған жоқ, Қазақстанның әр өңіріне жұмыс сапарымен барып, әкімдерге де «Жайлы мектеп» жобасын жедел түрде іске асыру керектігі жөнінде тапсырма беріп кетті.
Мәселен, Абай облысы мен Қарағанды өңіріндегі кездесулерінде «Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Және оны бүкіл еліміз бойынша жүеге асырып жатырмыз. Алдағы 3 жылда осы өңірде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады» деген болатын.
Сондай-ақ Алматы облысы мен Ұлытау облыстарының әкімдері президенттің қабылдауында болғанында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша өңірлерде 2025 жылға дейін 51 мектеп салынатынын айтқан еді. Дәл осы жоба бойынша Ұлытау облысының әкімі 11 мектеп пен 8 балабақшаның салынатынын айтып қалды. Бұл жоба алдағы уақытта құрғақ уәдемен ғана шектелмей, мәселелер түбегейлі шешіледі деген үміттеміз.
Егер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы толығымен іске асырылса, еліміздегі мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымдық мектептердің де мәселесі шешілетін еді. Бұл туралы оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кездесулерде былай деп пікірін білдірді. Оның айтуынша, еліміздегі үлкен мәселелердің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бірақ аталмыш мәселе өзінің уақытымен шешіледі. Осыған орай, біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 277 мектепті іске қостық. Ал «Жайлы мектеп» жобасы жөнінде айтатын болсақ, жоба бойынша салынған мектептер жай мектерден өзгеше болатыны анық. Әрі осындай заманауи мектептер көптеп салынса, әр ата-ана балаларын сол мектепке беруге асығады. Әрі балаларда заманауи тұрғыда ерекше білім алып шығуына үлкен мүмкіндік болады. Сондай-ақ жоба бойынша салынған елордадағы мектеп заманауи, әрі балаларға қолайлы болғандықтан, ол мектеп лезде оқушылармен толықты. Ал ондағы жасалған жағдайлар қандай? Деген сұраққа келсек, біріншіден, онда робототехника, физика, химия, мектептері орналасқан. Сонымен қатар заманауи құрылғылармен толығымен жабдықталған. Алдағы уақытта осындай мектептерді көбірек саламыз. Және ол мектептерде бастауыш сыныптарға арналған арнайы блок болады. Әрі оның жеке асханасы мен дәретханалары да жоғары сыныптан бөлек орналасады. Осындай жоба бойынша салсақ, мектептегі әлімжеттік мәселесі де шешіледі», – дейді министр.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасымен қатар, мектеп формалары жайында да мәселелер қозғалған болатын. Бұл туралы президент: «мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімделген жөн», – деген ойымен де бөлісті. Бұның өзі ата-аналар мен мектеп мұғалімдері үшін жағымды жаңалықтардың бірі саналады.
Тағы бір айта кетерлігі, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. Бұл туралы мәжілісте Қаржы министрі Татьяна Савальева хабарлаған болатын.
Вице-министр аталмыш мәселе туралы «Жолдаудағы «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы бойынша жоғары іс-шаралары 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында көрініс тапты. Жоба әзірленіп, келісу сатысында тұр. Оны іске асыруға үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасында 2,6 трлн теңге көзделген» деп түсіндірді.
Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің бірқатар ірі өңірлерінде жоба бойынша жұмыстар басталып кетті.