Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:12, 04 Тамыз 2020

Жалаңбас

     Қар араласжаңбыр жауып тұр. Жер беті шылқылдаған су. Ойық жерлерде су көлшіктері пайдаболыпты.

Жекетай баратын жеріне тез жету үшін асыға кетіп бара жатты.Бірен-саран болмаса, көшеде кетіп бара жатқан кісі аз, тіпті жоқ деуге болады.Алдында теңселіп, аяғын шалыс басып бара жатқан кісіні көрді. Бұл адамның қаттыішіп алғаны сезіледі. Тіпті көлшіктеген суды аттамайды, дәл мешел баладайжалдап өтеді. Содан соң көшеде арлы-берлі өтіп бара жатқан машиналарға қараптұрды. Кенет Жекетайды таңғалдырған оқиға болды. Әлгі адам баскиімін шешіп алып,лақтырып жіберді. Баскиімі домалап, өтіп бара жатқан машинаның астына түсті. Олжол шетінде ұзақ тұрды. Көңілсіз көктем күні. Ызғырықты жел соғып тұр.Жан-жағынан зулап, суды шашыратып машиналар өтіп жатыр. Көз қарасы жербетіндегі күйбің тіршіліктен емес, одан жоғары биіктеп, жай күні адам басынакелмейтіндей ой келді ме екен? Осы тұрған бейнесі Жаратушы иемізге жан-тәніментабынып тұрғандай көрінді. Жекетай әлгі бейтаныс адамның жанына тақап келгенде,жылап тұрғанын көрді. Әлде өз өмірінде болған жарқын күндерді есіне түсіріп тұрма екен? Не болмаса қайғыдан есеңгіреп жылап тұр ма екен?

    – Ауырып қалғанжоқсыз ба? – деді Жекетай. Бірақ бейтаныс адам ештеңе демеді. Тез бұрылды да,өз жөніне кетті. Жекетайға  бейтанысадамның қылығында үлкен сыр жатқандай көрінді. Бірнеше күннен кейін көшедежаңағы адамның асықпай кетіп бара жатқанын көрді. Жекетай жанында бірге кележатқан серігіне:

   – Ана кісінітанисың ба?

   – Танимын. Естайғой. Желді күні ылғи жалаңбас қалады.

   – Мен баскиімінлақтырып жібергенін өз көзіммен көрдім.

–      Иә, сөйтеді. Меніңестуімше, бұл кісі аудан көлемінде лауазымды жұмыс істеген. Жұрттың айтуынша,екіқабатты үйі, машинасы болған. Жылда Қырымға демалуға баратын. Әйелі қайтысболып, қазір қу басы қалған. Өзі ақкөңіл, ойын-сауықты жақсы көретін. Жұрттыңөзін мақтап, қолпаштағанын ұнататын. Жүрген жері той-думан болатын. Бірдерестораннан нөкерлерімен шықты. Бәрі қызып алған. Күн желді болатын. Басындағықалпағын жел жұлып алып кетіп, домалата жөнелді. Жанындағы нөкерлеріталаса-тармаса домалап бара жатқан баскиімді ұстап алмақ болды. Кейбіреулераяғын шалыс басып құлап қалды. Баскиімін әкеліп берген нөкерлердің қызметтерінжоғарылатты. Содан бастап желді күні баскиімін лақтырып жіберетін әдет тапқан.  

      Ақыры осы қалжыңның арты насырға шабатынынол кезде білген жоқ. Бірде тағы көңілді отырыс болды, ішті-жеді, ауданкөлеміндегі өсек-аяңды теріп сөйлесті. Сол күні таңертең аспанды қара шұбарбұлт торлап, түстен кейін ашылатындай сыңай танытты. Жел кейде тал-шыбықтыңбасын қозғауға ғана шамасы келсе, бірде күш жинап алып жұлқына соққандатопыраққа тамырын терең жайған теректерді жұлып ала жаздайды. Мұндайда аспанғасарғыш мұнар көтеріледі. Бүкіл маңай жем-топырағы шығып жатқан. Жел дыбысы быт-шытбоп жыртылған дыбыстар жиынтығынан тұратын. Дыбыс бейжай келе жатқан кісінішошындыратындай тосыннан шықса, бір сәтте желдің жойқын гуілінен өшіпқалатұғын. Осындай күнде Естай араққа тойып алып, жанындағы бір топнөкерлерімен көшеге ермек іздеп шығыпты. Оның үстіне «лақтырған малақайымды кімұстап алып келсе, сол кісіні жақсы жұмысқа орналастырамын» деген уәдесі бар.Басындағы малақайын лақтырып жібергені мұң екен, сол сәтті күтіп тұрғандай желде құтырына соқты. Жанындағы нөкерлер басындағы баскиімді алу үшін жүгірежөнелді. Солардың біреуі арлы-берлі зуылдап жосылып жатқан көп машинаның астынатүсіп қаза болды. Жұмыстан айырылды. Абыройдан жұрдай болды. Сотталып кетежаздады. Басында өзін-өзі ұстауға тырысқанымен, кейін ішімдікке салынды. Соданбері осындай желді, боранды күндері баскиімін лақтырып жібереді де, жалаңбасқалады.

 Жеңісхан КЕНЕСАРИН

Тегтер: