Жалақы көрмеген жұмысшылардың жанайқайы

Қарағандыоблысының Жаңаарқа ауданында тұрғындарды жарықпен қамтамасыз ету жайы жарытпай тұр.
Жаңаарқалықтар қысы-жазы электр жарығының «жыртыңдап» сөне беретінін айтыпжиі шағымданады. Алайда әкімқаралар электр жарығының мәселесін шешуде оңнәтижеге қол жеткізе алмай отыр.
Ал Жаңаарқаауданына электр энергиясын тасымалдайтын компанияның 34 жұмыскері біржарым жыл бойы жалақы көрмеген. Жұмысшылардың алатын жалақысы 30-40 мың теңгеғана, бірақ осы мардымсыз қаражаттың өзіне жұрттың жылдап қолы жетпей, діңкесіқұруда. Жалақыдан күдерін үзбей, орнында қалған жұмыскерлер күнде жұмысқа барып,еңбек етеді. Электр энергиясын тасымалдаушы «Сакен и К»компаниясынан көптеген мамандар жалақы болмаған соң кетіп қалған. Албасқа жұмыс таппаған аудан, ауыл тұрғындары еріксіз осы жұмыста қалған.
Қарызға белшесінен батқан компания
Жаңаарқаауданына тоқ жеткізетін «Сакен и К» компаниясы жұмысшылар алдындағықарызын өтей алмай отыр. Компания қарызы 40 млн теңгеден асып кетіпті. Оларэлектр энергиясымен қамтамасыз ететін «Қазэнерго орталық» кәсіпорныменсоттасуда. «Жұмысшыларға жалақы төлеуге «Қазэнерго орталық» компаниясымен арадаболып жатқан сот талқылаулары кесірін тигізуде. Бұл фирма бізге тоқтытасымалдаған қаражатты төлемей отыр. Олар бұл әрекетін «жоғалған электр энергияқуатын төлемей отырсыздар» деп түсіндіреді, дегенмен жағдайды реттеудіқарастырамыз», – деген еді «Сакен и К» компаниясының директоры Нұржан Ежебаевосыдан үш ай бұрын сұхбат бергенде. Алайда содан бері жағдай өзгермеген, жұртжалақысын тосып, зарығып әлі жүр. Шілде айында компанияның бұл басшысыжұмысынан шығып кеткен. Бір жарым жыл бойы жалақы алмағанжұмысшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және облыс әкімі ЖеңісҚасымбекке мұң-мұқтаждарын айтып хат жазған. Ал жақында әлеуметтікжеліде «Нұр Отан» партиясының таратқан ресми жауабы жұмыскерлерді елең еткізді.Онда нұротандықтар өздері араласқан соң, Жаңаарқа ауданының әкімі 8 млн теңге сомасындағыдемеушілер қаражатын жалақы ретінде төледі деп жар салып жіберген. Ал жалақысызотырған жұмыскерлер болса өздеріне қаражаттың төленбегенін айтып, аң-таңболуда. Олардың айтуынша, тек соңғы аптада әкімшілікке шақырған мамандардемеуші болатын кәсіпкерлерден ақша жинап, жалақыларын төлейтін ойларын жеткізіпті. – Мені әкімшілікке шақырып алып, 500мың теңге ақша төлейміз деді. Бірақ бұл ақшаны қашан беретінін айтпады. Мағанкомпания 700 мың теңге қарыз болатын. Сосын, әкімшілік мамандары «егер «Сакен иК» компаниясы жалақыларыңызды төлейтін болса, әкімдік төлеген қаражаттықайтарып бересіздер» деді. Біз әрқайсымыз сотқа жүгініп, компанияданжалақыларымызды толық қайтаруын талап етеміз. Бала-шағаны қалай асыраймыз,жағдай қиындап кетті, – дейді «Сакен и К» компаниясының жұмысшысы Оразғали Сәкенов. «Суға кеткен тал қармайды» демекші,шенеуніктер жағдайды реттеу үшін кәсіпкерлерге иек артып отырғанға ұқсайды.Алайда жұмыскерлердің «жалақыны толық аламыз» деген үміттері бос қиял түріндеқалатындай.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
Қарағанды облысы