11:47, 14 Ақпан 2024
Жалған диплом сатушыларға қандай жаза қолданылады: Саясат Нұрбек жауап берді
Ғылым министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек жалған диплом сатушылар мен сатып алушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты.
Ол жалған дипломға қатысты жағдайға тоқталды:
"Қылмыстық кодекстің 358 бабына сәйкес ресми құжаттарды, мөрлерді, қолтаңбаларды, лицензиялық құжаттарды жалған, қолдан жасаған жағдайда 2 жылға бас бостандығынан айырылады. Егер екінші рет қайталаған жағдайда 4 жылға бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес жалған дипломдарды сатып алып, біле тұрып қолданған жағдайда 40 күнге қамауға алынып, 600 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады",- деді ол.