13:15, 15 Шілде 2023
Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды.
Жалғас UFC аясында 2020 жылы 11 маусымнан бері жеті жекпе-жек өткізді.
Оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, қалған алты кездесуде жеңіліске ұшырады.
24 маусымда өткізген соңғы жекпе-жегінде ол америкалық Джошуа Ванға есе жіберді.
Осылайша, «Жако» UFC-де қатарынан төртінші рет жеңілді. Оның өнеріне лига басшыларының көңілі толмаған сияқты. Отандасымызға жаңа келісімшарт ұсынған жоқ.