10:11, 04 Қаңтар 2024
Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігіп жарты миллиард теңге ұтылған

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігіп жарты миллиард теңге ұтылған.
Өткен желтоқсанда жастар саясаты жөніндегі бұрынғы шенеунік Ділмұрат Хамрақұлов алаяқтық жасады деп айыпталып, алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.
Ол бәс тігуге қаражат алу үшін достары мен туыстарын жалған тендерлерге белсене қатыстырған.
Оның бәс тігуінің салдарынан жоғалған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 500 миллион теңгені құраса, жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңгеге жеткен.