Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:16

Жамбыл облысы полициясында басшылық ауысты

Сұлтанбаев пен Малыбаев
Фото: Жас Алаш коллаж

Облыстық полиция басқармасына генерал-майор Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды.

 Ол бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетін басқарған. Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қызмет жолын тоқсаныншы жылдардың басында взвод командирі болып бастап, түрлі лауазымдарды атқарған.

Бұл кадрлық ауысым Жамбыл облыстық полициясында туындаған даулы жағдайлардың аясында орын алды. Қыркүйектің соңында ведомствоның бұрынғы басшысы Бақытжан Малыбаев қызметінен босатылған болатын. Бұған бірқатар сәтсіздіктер мен ішкі тексерулер себеп болған.

Сонымен қатар өткен айда Талас аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев ұсталып, оған қатысты тергеу басталды.

Жамбыл облысында қыркүйек айында 3 күн ішінде 2 мектеп оқушысы қаза тапты. 12 қыркүйекте Жамбыл облысының Көккайнар ауылында 15 жастағы жасөспірім жоғарғы сынып оқушылары ұрып, көз жұмса, бірнеше күн өтіп Тараз қаласындағы №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы да қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға мектептің әжетханасында болған. Әзірге ресми ақпарат жоқ, алайда болжам бойынша, сыныптасы оны ұрған.

Осы оқиғалардан соң қоғам арасында Жамбыл облысында бандитизм белең алып кеткен. Қарашөкеев жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр, жастар «көше кодексімен» жүреді, заң орындалмайды» деген сынды наразылық сөздер тарап жатыр.

Jas Alash бұл туралы көлемді мақала жазды. Оны мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Тегтер: