Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:12, 09 Шілде 2024

Жамбыл облысында 400-ден астам үйдің ауласын су басты

а
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайларға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды.

Айта кетейік, 7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан бірнеше көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмыстарын жалғастырып жатқаны айтылады. Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 18 600 м3 су сорылды. Жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды.

Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д. Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ, делінген хабарламада.

Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.

Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.