Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:52

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері жемқорлық күдігімен ұсталды

жемқорлық
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысында Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейрамбек Дарменов ұсталды. Қазір ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Тергеу мәліметінше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша күдікке ілінген.

Алдын ала нұсқа бойынша, медициналық мекемеде бірнеше миллиондық қарыз анықталған. Ол 2023 жылы бюджет қаражатының артық аударылуы салдарынан пайда болған деген болжам бар. Жалпы сома 32 млн теңгеден асады. Соның ішінде шамамен 22 млн теңге, тергеу нұсқасы бойынша, бас дәрігердің есепшотына аударылған.

Іс бойынша мән-жайлар әлі де анықталып жатыр.

Егер кінәсі дәлелденсе, күдіктіге мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды өмір бойы атқару құқығынан айырылумен қатар, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін Өскеменде «ҚазАвтоЖол» филиалының бұрынғы басшысы да миллиондаған теңгені жымқырғаны үшін сотталған болатын.