Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 11 Сәуір 2025

Жамбыл облысында бірнеше шенді жауапқа тартылды

полиция
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысының Меркі ауданында мемлекеттік сатып алулар саласында орын алған заңбұзушылықтар үшін алты ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.

Мақажановтың айтуынша, мемлекеттік сатып алулар мониторингі барысында жүйелі заңбұзушылықтар анықталған. Ауыл әкімдері мемлекеттік сатып алуларды негізсіз түрде бір көзден тікелей шарт жасау арқылы рәсімдеген.

 Бұл әрекеттерге байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғап, нәтижесінде әкімдерге жалпы сомасы 2,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алуларға бақылау күшейтілген болатын. Себебі Жамбыл облысындағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы бірнеше заңбұзушылықтар анықталған. Мысалы, Қордай ауданы әкімдігі бір көзден сатып алу шарттары бойынша көш бастап тұрған.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысында жеке компания заңсыз түрде екі миллиард теңгеден астам сомаға тендер ұтып алғаны белгілі болды.