Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:54

Жамбыл облысында қарауыл бастығы атып өлтірілді

сарбаз
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысында әскери бөлім аумағында әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін Қазақстан ІІМ Әскери-тергеу департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 15 наурыз күні әскери бөлімнің техникалық аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзеттің мергені карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған.

Ауыр жараланған қызметкер әскери госпитальға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға қатысқан екі адам да әскери қызметші емес, олар әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерлері болған.

Құзырлы орган өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанда қару қолданумен байланысты бірнеше қайғылы оқиға тіркеліп отыр.

Мәселен, 12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапқан.

Тегтер: