Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:14

Жамбыл облысында мерзімді сарбаздың қазасына байланысты командирге қатысты тергеу аяқталды

сарбаз
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметші Еркебұлан Рүстемұлының қазасына байланысты командирге қатысты тергеу аяқталды. 

Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім ротасының командиріне қатысты қызметтік салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл жағдай 27 қаңтар күні сарбаз Рүстемұлы Е.-нің қаза табуына себептердің бірі болған. Тергеу барысында лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызмет атқаруын және қарумен жұмыс істеуін тиісті деңгейде бақыламағаны, сондай-ақ қаза тапқан сарбаздың әріптестеріне қатысты билігін асыра пайдаланғаны анықталды. Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты өзге де мән-жайлар бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда, іс Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында», – делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Рүстемұлы қарумен жұмыс істеу кезінде алған жарақат салдарынан көз жұмғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Тегтер: