Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:35

Жамбыл облысында сарбаз ауыр жарақат алды

Сарбаз
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметшіге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тараған. Мәліметтерге сәйкес, жағдай Отардағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Сарбаз ауыр жарақат алып, жақ сүйегі мен мұрны сынған.

Туыстарының айтуынша, операциядан кейін әскери қызметшіге тиісті медициналық бақылау мен ем-дом толық қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ біраз уақыт оны болған жайтты жасыру мақсатында пәтерде ұстап отырғаны жөнінде де ақпарат тарады. Кейінгі тексерулер ота кезінде бұзушылықтар болуы мүмкін екенін көрсеткен.

Қазір зардап шеккен сарбаз Алматыдағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр.

Әскери полиция не дейді?

Әскери полиция бұл дерек бойынша материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін растады. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде.

Ведомствоның мәліметінше:

«Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ жарғылық емес қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі».

Тергеу шаралары кезеңінде бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілді. Кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қорғаныс министрлігі бұл жағдай Қарулы күштер басшылығының жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі төрт сарбаз қаза тапқан болатын.

Тегтер: