Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:17

Жамбыл облысында тағы бір оқушы қаза тапты

1
Фото: ЖИ

Жамбыл облысында тағы бір оқушы көз жұмды. Қайтыс болған бала – Тараз қаласындағы №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға мектептің әжетханасында болған. Әзірге ресми ақпарат жоқ, алайда болжам бойынша, сыныптасы оны ұрған.

Еске салсақ, өткен жылдың көктемінде Байзақ ауданында да осындай жағдай тіркелген еді. Ол кезде 8-сынып оқушысы қаза тапқан болатын.

 Білім беру министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, қазір оқиға орнында министрлік өкілдері мен Жамбыл облысындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Күдікті ұсталған. Бұл факті бойынша тергеу басталды.

Соңғы қайғылы жағдайларға байланысты 29 қыркүйектен бастап өңірге республикалық ведомствоаралық мониторинг тобы жіберілетін болды.

Айта кетейік,  12 қыркүйекте Жамбыл облысының Көккайнар ауылында 15 жастағы жасөспірім жоғарғы сынып оқушылары ұрып, қаза тапқан болатын. Полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Оларға денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

Полицияның мәліметінше, іс бойынша тергеу басталған.

Тегтер: