Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:48, 25 Тамыз 2025

Жамбыл облысындағы су тапшылығы: Тасөткел су қоймасы құрғап барады

1
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының Шу ауданынан түсірілген бейнежазбада Тасөткел су қоймасының қазіргі мүшкіл жағдайы көрсетілген. Бұл қоймаға Шу ғана емес, Мойынқұм ауданының да егістік алқаптары тәуелді.

Диқандардың айтуынша, қазір қауіп төніп тұрғаны — тек қауын-қарбыз секілді бақша өнімдері ғана емес, сонымен қатар мал азығы үшін аса қажет жоңышқа да. Суармалы судың жетіспеуі ауыл шаруашылығына үлкен шығын әкелуі мүмкін, әрі мал қыстатуға дайындықты да күйретуі ықтимал.

Экологтар мен үкіметтік емес ұйымдар соңғы жылдары су қорының күрт азайғанына дабыл қағып келеді. Аймақтағы егістіктерге су Қырғызстаннан келеді. Бірнеше күн бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге жұмыс сапарымен барған еді.

Делегация құрамында су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов те болды. Алайда, шенеуніктің елдегі ірі су қоймаларының бірінде су жоқ екенінен хабары бар ма? Егер білмесе — бұл өте қауіпті. Неге тұтас бір министрліктің су бөлу бойынша нақты стратегиясы жоқ? — деген сұрақтар ашық күйінде қалып отыр.

 

Тегтер: