Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 05 Қыркүйек 2023

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

None
None

Жамбыл облысының әкімі болып  Ербол Қарашүкеев  тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарашүкеев Ербол Шырақпаұлы Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарашүкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын. Ол 2021 жылдың күзінде Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды. 2023 жылдың сәуірінде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

Бүгін, 5 қыркүйекте Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысу үшін Тараз қаласына келді.

«Әлихан Смайылов депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына екі кандидатты – Нұрбол Жүнісбеков пен Ербол Қарашөкеевті қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді», — деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Жүнісбековтің кандидатурасын 47 депутат қолдаса, Қарашүкеевті қолдап 142 депутат дауыс берді. Дауыс беруге 189 депутат қатысты.

Айта кету керек, Ербол Қарашүкеев осы жылдар ішінде «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерде болған.

Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын.

Тегтер: