Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:58, 23 Шілде 2023

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны шағын трактор құрастырып шықты (видео)

None
None

Жамбыл облысының тұрғыны өз қолымен трактор құрастырған. Ол әмбебап шағын техниканы құрастыруға 400 мың теңге шығынданған.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Орынбасар Көбеевтің техникасы үй іргесіндегі шағын шаруаға ыңғайластырылған. Жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр.

Орынбасар Көбеев Аса ауылында тұрады. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғын қыстыгүні төрт түліктің жем-шөбін тасып, қиын шығару едәуін қиындық тудырады, — дейді. Сондықтан қора жайға сиятын трактор жасауды қолға алыпты. Ол  трактор шанағын қалдық темірден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.

«Ескі жигулиім бар етін. Ескі жигулиден шығарып тастаған заттар бар етін. Ступица, задний мост. Жигулидің 5 скоростты каробкасы бұл жерде тұрған. Базардан сатып алдым бұл маторды. Бұл жерде сатып алған заттар мына цилиндрлар. Металломнан барып қарастырып, мынау жарайды екен деп сол жерден жинастырып. 400 мыңның үстінде  былай-былай есеппен сондай қаржы кетті. Ал егер бәрін сатып алып, бәрін жаңадан жасайтын болсам, 700-800 мыңдай ақша кетіп қалайын деп тұр», - дейді Орынбасар Көбеев.

Ауыл тұрғыны өзі жасап шығарған техникаға «Барыс-86» деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, салмағы 500 келі болатын  шағын тракторды кез-келген көлік айдап жүрген азамат басқара алады, айдай алады екен.

Орынбасардың шағын тракторы 200 келіге дейінгі жүкті көтеріп, 2 тонна тартатын көлікті сүйрей алады. Бүгінде өнертапқыш өзінің шаруасын тындырып, ауылдағы ағайынға да қолғабыс етіп жүр.

«Көрші-қолаңдардың бағанағы трактор кіре алмайтын жеріне кіріп үлкен техника. Сол жерде күл қоқысы бар қиы бар топырақтарын бір жерден екінші жерге ауыстып дегендей. Сондай жұмыстарды істеп көршілерге де өзінің де шаруа қожалығына көмегі тиіп жатыр. Былай қарасаңыз бір үйге керек техника деп ойлаймын», — дейді Жамбыл ауданының тұрғыны Фархат Балажанов.

Темірден түйін түйген тұрғын техникасын одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Үй маңындағы жерді өңдеу үшін тракторға соқа қосып, дән себуге икемдекем.

Тегтер: