Жамбыл облысында халық саны 4 пайызға артқан

07.10.2018, 10:45

202

Жамбыл облысында 2018 жылдың қаңтар-маусымдағыхалықтың табиғи өсімі туғандар санының көбеюінебайланысты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Яғни, қазіргі таңда өңір халқы 1 120 769 адамға жетіп, 3549 тұрғынға көбейген. Осы уақыт аралығында өңірде туылғандар саны 2,2%-ға көбейіп, қайтыс болғандар саны 2,4%-ға азайған. Ал тіркелген некелер саны 3,3%-ға, ажырасулар саны 6,3%-ға өскен. Сонымен қатар, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаңа туылған 1000 балаға есептегенде нәресте өлімі деңгейі 8,56-дан 8,38 нәрестеге кеміді.Осы орайда Тараз қаласы мен аудандардағы демографиялық жағдайларға тоқталсақ. Бұл ретте Байзақ ауданы көш бастап тұр. Байзақтың халқы былтыр 103 832 болса, шілдедегі есеп бойынша 105 055-ке жетіп, 1223 тұрғынға, яғни 1,2 пайызға көбейген.  Одан кейін Шу ауданы мен Жуалы ауданының халқы 0,6 пайызға, Жамбыл ауданының тұрғындары 0,5 пайызға көбейіпті. Ал Меркі, Қордай, Талас аудандарының халқы 0,3 пайызға өссе, Тараз қаласы және Сарысу ауданындағы тұрғындар саны 0,1 пайызға көбейген. Халық саны Мойынқұм мен Т.Рысқұлов аудандарында кеміген.Былтырғы жылмен салыстырғанда Мойынқұм халқы 20 адамға, құландықтар 125 адамға азайыпты. Яғни, Т.Рысқұлов ауданында 64 443 тұрғыннан 64 318 адам қалыпты.Жамбыл облысындағы  1 120 769 халықтың 551 684 ер азаматтар болса, 569 085 тұрғыны нәзік жандылар екен.Дегенмен, өңірдегі 10 ауданның сегізінде нәзік жандыларға қарағанда еркек кіндіктілер көп тұратыны тіркелген. Тек Қордай мен Меркіде нәзік жандылар саны басым. Сосын Тараз қаласында еркек кіндіктерден әйел заты анағұрлым көбірек. Бірақ, «бір жігітке 5 қыздан» деуге мүлде келмейді. Қалада167 511 бөрікті тұрса, көріктілер саны 188515 деп көрсетілген.
  Тараз Қ.Ә.355 8250356026356 0260356026100,1
Байзақ ауданы103 8320103 832105 0550105 055101,2
Жамбыл ауданы82 089082 08982 529082 529100,5
Жуалы ауданы51 567051 56751 890051 890100,6
Қордай ауданы142 8160142 816143 2430143 243100,3
Т.Рысқұлов ауданы64 443064 44364 318064 31899,8
Меркі ауданы84 505084 50584 779084 779100,3
Мойынқұм ауданы32 753032 75332 776032 73399,9
Сарысу ауданы44 05622 11021 94644 08222 16821 914100,1
Талас ауданы54 81829 83524 98354 95929 99024 969100,3
Шу ауданы100 51636 12664 390101 11236 30964 803100,6
 Фото: egemen.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31