Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 02 Тамыз 2023

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды

None
None

Жамбыл облысында үш жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, өзге жүргіншілерін өміріне қауіп төндірген.

Олар әрекеттерін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Видеодағы оқиға Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қошқарата ауылында түнгі мезгілде болған. Бауыржан Момышұлы ауылының екі тұрғыны және бір жергілікті тұрғын анықталды.

— Toyota автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. 19 жастағы жүргізуші сақтандыру полисі жоқ, техникалық тексеруден өтпеген ВАЗ 21099 автокөлігін жүргізіп, басқа жүргізушілер үшін апаттық жағдай туғызғаны және жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. BMW автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылды, — деп хабарлады polisia.kz.

Тегтер: