11:55, 27 Тамыз 2021
Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 5-ке жетті
Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқаны белгілі болды.
Өрт сөндіру командасының бастығы келісімшарт қызметінің старшинасы Еркін Серікбайұлы Надирбегов 1992 ж.т. инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарды. Жарылыс болған соң оқиға орнында көз жұмды.
Қорғаныс министрлігінің бақилық болған әскерилердің отбасына қажетті көмек көрсететілетінін мәлімдеді.