Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 27 Тамыз 2021

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 9-ға жетті

None
None

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, — деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар миинстрлігі.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталып жатыр», — делінген жедел штаб мәлімдемесінде. 

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Тегтер: