Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:38, 28 Тамыз 2021

Жамбыл облысындағы жарылыс: радиация деңгейі тексерілді

None
None

Қазгидромет Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы өртке байланысты жоспардан тыс ауа сынамасын алды.

Қазгидромет хабарына қарағанда, ластаушы заттардың шоғырлануы қалқыма заттар (шаң), азот диоксиді/оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид және фтор сутегі секілді химиялық қосылыстар бойынша өлшенді. Өлшеу 5 нүктеде жүргізілді:

1) Тараз-Алматы трассасы, Тараз қаласынан 5 шақырым, оқ-дәрі қоймасынан 14 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағаты 0,12 микрозиверт.

2) Байзақ ауылынан 500 м бұрылыста. Оқ-дәрі қоймасынан 12 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,17 микрозиверт.

3) Байзақ ауданы Үшбұлақ кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 8 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағаты 0,15 микрозиверт.

4) Байзақ ауданы Жібек жолы кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 3,5 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,17 микрозиверт.

5) Сарыкемер ауылынан шығу жерінде. Оқ-дәрі қоймасынан 10 шақырым жерде. Радиация деңгейі — сағатына 0,15 микрозиверт.

"Өлшеу нәтижелері бойынша, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен радиация деңгейінің артуы анықталған жоқ", — деді Қазгидромет өкілдері. 

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Тегтер: