Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:14, 28 Тамыз 2021

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

None
None

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті, — деп хабарлайды  ТЖМ баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы ТЖ орнында тағы бір адамның денесі табылды, ол кім екені анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Салдарынан жалпы саны 13 адам қаза тапты.

Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілу үстінде.

Тегтер: