Жамбыл үшін «құрметті азамат» атағынан бас тартты

Әдетте, бәріжамырай қол көтеріп, бір-бірінен аумайтын сценариймен өтетін Тараз қалалықмәслихатының бүгінгі кезекті сессиясында мәдениет қайраткері, өңірге белгіліазамат Әлібек ӘМЗЕЕВ «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағынан бас тартып,төсбелгісі мен құжаттарын Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВТІҢқолына ұстатты.
Сессияда сөз алғанӘлібек Әмзеұлы:
— Жылбасынан бері әлеуметтік желіде, баспасөз беттері Жамбыл Жабаевтың ескерткіші туралыдау қуған сөздерге тола. Біріншіден, Жамбыл Жабаевтың ескерткішін облысәкімдігінің алдына қою туралы сөз дұрыс емес. Біз осы қателігімізді қателікпенжөндегіміз келетіні неліктен? Жамбыл ескерткішін жарамсыз дегендеріңізге жылданасты. Содан бері неге реставрациялық жұмыстар атқарылмады? Қалың ел шукөтергенде ғана Жамбыл ескерткіші естеріңізге түскен жоқ па? Қазіргі облысәкімдігінің алдындағы плагиаттарыңызды қорғап, оны Жамбылдың шөбересінекөрсетіп мақтанған жоқсыздар ма? Облыс әкімдігінің алдында тұрған бұл ескерткішөнер туындысы емес, бұл ұрлық дүние. Оны қорғағандар да заң алдында жауапберулері тиіс. Өйткені, олар ұрлыққа жол ашып, жағдай жасағандар. ХәкімжанНаурызбаевтың еңбегі мемлекет қорғауындағы дүние.
Әмзеев бұдан ары Тараз қаласындағы Жамбылескерткішіне қатысты әкімдік пен жергілікті азаматтар арасында болғанкеліспеушіліктер жайын айтты.
— «Жамбылбазардың жолайрығында қала бере ме?» депсің жауап хатыңда. Жиырма миллион халқыбар Мысыр елінің астанасы Каирдегі үлкен төрт көшенің қиылысында ат үстіндегіКемал Ататүріктің ескерткіші бар. Оған ешкім көзін алартып отырған жоқ. Алсендер ескерткішті емес, сол жолайрық санап отырған жерге көз тігіп отырсыңдар?Біле білсеңдер ол жолайрық емес, Жамбыл алаңы. Оның құжаттары бар қолымызда. Олтуралы қаулының шешімі білмесеңіздер айтайын, 1963-ші жылы шыққан, — деп біртоқтады.
Ол бұдан кейінгі сөзін қаладағы қазақтыңбелгілі тұлғаларының ескерткішіне деген немқұрайдылық туралы сөйлей келіп, «Келесікезек кімдікі, Бәйдібек баба ма?» деп тоқтады. Сосын, «құрметті азамат» атағынанне үшін бас тартқанын айтты.
— Таразқаласының әкімі Қайрат Досаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы БатырбекҚұлекеев және депутаттар! Сіздер Тараз қаласының тарихына Төле бидің жағасынажармасқан, Жамбылды сақалынан сүйреген, Қайрат пен Ғазизды қорлауға қолдаукөрсетіп, қол көтеріп, осындай күнәлі істерге жол бергендер есебінде тарихтақалатын болдыңыздар. Ал мен осы оқиғаларға куә болғаныма өкінемін. Айналамыздаосындай жағдайлар болып жатқанда маған берілген «Тараз қаласының құрметтіазаматы» деген атақтарынан бас тарту туралы шешімге келдім, — деп Тараз қалалықмәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеевтің алдына «Құрметті азамат» төсбелгісімен құжаттарын қойды да, есіктен шығып кетті.
Әлібек Әмзеұлының осы айтқандарын Таразқалалық мәслихатының сессиясына қатысушылар бастан-аяқ демдерін ішке тартып,үнсіз тыңдап отырды. Тек Ә.Әмзеұлы сөзін аяқтап, құжаттарын стол үстіне қойыпсыртқа қарай беттегенде Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев: «Әлібек аға, бізсізді тыңдадық, енді жауап берейік» дегенімен, тыңдаған жоқ. Өз кезегіндеҚ.Досаев:
— Осы кісінітүсінбеймін. Сол ескерткіштің ашылуында «бәрі тамаша» деп құттықтау сөзсөйлейді де, арада біраз уақыт өткеннен кейін әлде жеке көзқарасы, әлдесаясаттағы пікірі өзгеріп, мұнда келіп бізді сыбайды. Айтқыш екен, сол кездемақтамай, ашығын айтпай ма? — деп жауап қатты.
Ал Тараз қалалық мәслихатының хатшысыБатырбек Құлекеев «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағынан бас тартқанӘлібек Әмзеевтің әрекеті негізінде заң аясында тиісті шешім шығаратын боламыздеді.
Осылайша, Әлібек Әмзеұлы «Тараз қаласыныңқұрметті азаматы» атағын керек қылмай, мәслихат хатшысының алдына лақтырыпкетсе, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Нариман Мәуленов биылдан бастап«Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын беруді көбейту туралы сөз қозғады.«Тараз қаласында 364 мың халық тұрады, жылына 5 адамға құрмет азаматын беретінболсақ, қалған мыңдаған азаматтарға қашан кезек келеді» деп бас ауыртты. Оныңбұл ұсынысы жиналғандардың күлкісін келтіріп, оған «алдымен әлеуметтік жағдайытөмен, көпбалалы аналардың пәтер кезегін шешіп беруді көтермей ме екен?» депкүйінгендер болды.
Еске сала кетсек, осыдан екі күн бұрын ғанаоблыс әкімдігі қаулы етіп, Жамбыл облыстық мәслихаты Тараз қаласының «Достық»алаңын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп қайта атау шешімін қабылдаған болатын.Бұл алаңды жергілікті жұрт бейресми Бәйдібек баба алаңы деп те атайтын. Алаңдабаба ескерткіші де орнатылған. «Әмзеев «ендігі кезек Бәйдібек баба ма?» дегендеосыны меңземеді ме екен? Бәйдібек бабаның өзін ысырып қойып, Назарбаевтың атын ұлықтауға құмар облыстық, қалалық әкім-қаралар Жамбыл үшін құрметті атақтан бас тартқан қайраткердің бұл әрекетінен қандай да бір қорытынды шығара қояр ма екен?