Жамбылда тағы да шегіртке «жыры» басталды

Соңғыекі жылдан бері Жамбыл облысының кең даласында шегірткелер «жорығы» басылмайтұр.
Ауылшаруашылығыминистрлігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда биыл Жамбыл облысының 184мыңнан астам гектар жері шегіртке шабуылына ұшырауы мүмкін.
«Биылғыжылы Жамбыл облысында шегіртке 184 мың гектарға жайылады деген болжам бар, оныңішінде 89,8 мың гектарға марокко шегірткесі, 75,9 мың гектарға итальяндық және18,8 мың гектарға азиялық шегіртке қаптауы мүмкін» деп жазылған министрліктіңхабарламасында.
Осығанбайланысты шегірткемен қарсы күреске 130 маман жұмылдырылады. Одан бөлек, 34шашыратқыш техника мен 5 ұшақ дайындалды. Айтпақшы, облыс аумағындағы жердің 70пайызы жерде жүретін техникалар арқылы, қалған 30 пайызы әуе техникалары арқылыдәріленбек. Бұл іске бас-аяғы 11 мың литр тиімділігі жоғары дәрі-дәрмекқолданылады.
2017жылы бұл өңірде 268 мың гектар аумақ осынау мұртты жәндіктен тазаланса,былтырғы жылы шегіртке жайлаған аумақ өз шарықтау шегіне жетіп, 345,3 мыңгектар жерге дәрі шашылған болатын. Ауылшаруашылығы министрлігі мұның бәрі298,7 мың гектарға марокко шегірткесінің таралуынан орын алған деп санайды.
Естеріңізде болса, 2017 жылдың жазында «Жас Алаш» газеті шегіртке «жырын» жазудай-ақ жазған болатын. («Мырзахметовтың «командасы» бақшаны емес, ақшаны ойлап жүр ме?», №44, 1-маусым, 2017 жыл; «Жылқының қырылуына «шегіртке жырының» қатысы бар ма?» №57, 18-шілде, 2017 жыл). Бірақ, Жамбыл облысының Байзақ пен Талас аудандарының кең даласы шегірткеге көміліп, тіпті, жол үстінде жыпырлаған жәндіктердің салдарынан көліктің ары-беруі қатынауы қиын болып қалған жағдай қалыптасса да ауылшаруашылығы министрлігінің сол кездегі комитет төрағасы Е. Айнабеков редакцияға хат жолдап, алаңдайтындай ешқандай мәселе жоқ екенін, бұл саладағы жұмыстың бәрі өз ретімен жүріп келе жатқанын айтып, одан адвокаттары мақаладағы жәйттерді теріске шығармаса, редакцияны сотқа беретінін жеткізіп, зор шыққан еді. Өмірзақ ШӨКЕЕВ те ауылшаруашылығы министрі болып тағайындала саласымен шегіртке мәселесін шындап айналысып, ақырында комитет төрағасы жұмысынан босап кетті.
Иә, сол жылдары Жамбыл жерінде шынында шегірткенің өте көп таралғанын ауылшаруашылығы министрлігі енді-енді еркін айтып жатыр. Шамасы бір кездері ауылшаруашылығы министрі қызметін атқарып, қазір Жамбыл облысының әкімі қызметінде жүрген Асқар МЫРЗАХМЕТОВ жағдайды өз көзімен көріп, «ауруды жасырса өлетінін» анық аңғарған сияқты.
Фото: novostivolgograda.ru