Жамбылда туризм жанданып келеді

17.10.2018, 18:21

222

Жамбыл облысы экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристік ағымды тарту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі туристік қызметті дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын «Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұл басқарма аймақтың туризмін дамыту перспективаларын анықтай отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, бәсекеге қабілетті туристік бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру, туризм саласына инновациялық технологияларды ендіру мен инвестиция тарту, «Ұлы Жібек жолындағы» туризмді дамыту мен алға бастыру мәселелерімен айналысады.Осы құрылыммен қатар «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы өз жұмысын жүргізуде. Туристік ақпараттық орталық Жамбыл облысының көрікті жерлері мен туристік мүмкіндіктері жайлы, аймақтың тарихи құндылықтары, атқарылып жатқан іс-шаралар мен экскурсиялық маршруттар, көліктер, ойын-сауық орындары және басқа да көптеген орындар жайлы жан-жақты ақпарат беретін сервистік қызмет орталығы болып табылады.Жыл басынан бастап аймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.Туризм саласындағы ресурстарды жүйелеу мен қолда бар резервтерді бірлестіру үшін Жамбыл облысындағы туризмді дамыту үрдістері мен негізгі бағыттары айқындалған «Ішкі және кіру туризмін дамыту аймақтық картасы» әзірленді. Бүгінгі таңда осы аймақтық картаға сәйкес туризм саласындағы жұмыстың негізгі 4 векторы көзделіп отыр. Олар- туристік бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау;- туристік және көлік инфрақұрылымын құру мен дамыту;- инвестициялық жобаларды алға жылжыту;- жарнамалық-имидждік саясатты жүзеге асыру.Жамбыл облысында туризмнің тарихи-мәдени, археологиялық, экологиялық, медициналық-сауықтыру секілді түрлерін табысты дамытуға болады. Оның қалыптасуы мен алға басуына барлық алғышарттар бар.Дамыту картасына сәйкес ағымдағы жай-күйді, мәселелерді айқындау мен олардың шешу жолдарын анықтау үшін облыстағы нысандарды аралай отырып, туристік бизнес объектілері мен субъектілеріне кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді.Берілген блок бойынша туристік бизнестің негізгі объектілері мен субъектілері анықталды. Айталық, 161 қонақ үй, 282 тамақтану орындары, 6 санаторий, 5 демалыс орны, 10 балалар сауықтыру лагерлері, 44 туристік фирма, 56 қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі. Осылайша, туристік бизнес қатысушыларының тізілімі 589 субъектіні құрады.Дамыту картасына сәйкес жүзеге асырылуына 7,4 миллиард теңге көлемінде қаражатты қажет ететін 30 инвестициялық жобаның базасы құрылды. Бүгінге жобалық құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 7 қонақ үй, 2 демалыс орны, 18 кафе-мейрамханалар бар. Бұдан бөлек, «Береке» бағдарламасы бойынша туризм саласындағы орта және кіші бизнес субъектілерін қаржылай қолдауға қосымша 150 миллион теңге бөлінді.Жыл басынан бастап жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрлысының басталуы жоспарлануда. Оның ішіне 5 қонақ үй, 5 мейрамхана, 2 киіз үй қалашығы мен үлкен үміт артылып отырған тау-шаңғы базасы кіреді.Арнайы туристік аймақтар құру бойынша инвесторлар, меценаттар, қаржы институттары арқылы тартылған қаражат есебінен 5 туристік аймақ құрылуда: «Қаралма» тау-шаңғы базасы, Шахристан аумағындағы облыстың негізгі туристік нысандарын көрсетуге арналған «Show-room»-ы бар «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы, «Төрткөл» керуен сарайындағы «Қазақ ауылы» тарихи-мәдени орталығы, «Айша Бибі» және «Қарахан» кесенелері мен «Әулие Бастау» сауықтыру орны кіретін тарихи-археологиялық кешені», «Ақыртас» сарай кешені («Ақыртас» кешені ғимаратының аяқталған бейнесі).Қазіргі таңда облыстың 33 туристік нысаны кірген 12 туристік маршрут әзірленді. Аталған нысандарда мемлекеттік стандартқа сай келетін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көрсеткіштер мен ақпараттық стендтер орнатылды. Бұл ретте трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту бойынша Қырғызстан мемлекетінің Талас және Ыстықкөл облыстарын Жамбыл облысымен байланыстыратын «Ұлы Жібек жолындағы туризм» трансшекаралық туристік маршруты құрылды. Бірыңғай маршрут аймағымызға қосымша туристерді тартуға мүмкіндік береді.Жобалық басқарудың «Ішкі және кіру туризмін дамыту» жобасы аясында Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 млрд. 355 млн. теңгені құрайтын, «Қаралма» тау-шаңғы базасы» туристік аймақ құру жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикация мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталып, автожол құрылысы басталып кетті. Аталған туристік аймақта туристерге барлық спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық қызметтері көрсетілмек. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда ішкі және кіру туризмі бойынша туристік ағым орта есеппен 45 000 туристке көбейеді деп күтілуде.Жол бойғы сервис кешендерін дамыту бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойында халықаралық стандарттарға сай, транзиттік автокөлік жолаушыларына сервистік қызмет көрсететін 2 кешеннің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылдан бері Жамбыл облысының республикалық маңызы бар 3 автожолында 6 жаңа нысан пайдалануға берілді (55 болған, 61 болды), олар «В» санатты 2 нысан, «С» санатты 2 нысан және «D» саннатты 2 нысан.Ағымдағы жылы туристік мүмкіндіктерді дамыту аясында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Олар: жобалық құны 92 млн. теңгені құрайтын «Баласағұн» қалашығына, құны 35 млн. теңгені құрайтын «Әулие Бастау» әулие бұлағына,  жобалық құны 168 млн. теңгені құрайтын «Тау қымыз» емдік-сауықтыру орталығы» туристік кешеніне алып баратын жобалар. Қазіргі уақытта бұл жобалардың жобалық сметалық құжаттамалары мен техникалық экономикалық негіздемелері әзірленіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аталған жобалардың іске асырылуы туристердің үлкен легіне туристік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тарихи-мәдени, медициналық және зиярат етушілер туризм түрлерінің дамуына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, «Тараз-Туризм» сайтын 4 тілде өзектендіру, брендті автобусты іске қосу, туристік ақпараттық дүңгіршектерді орнату, туристік маршруттары бар интерактивті туристік картаны әзірлеу, туристік нысандарда QR-коды бар мобильді қосымшаларды дайындау бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.Туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыста туристер легінің өсу динамикасы байқалуда. Атап айтқанда, қаңтар-наурыз айларының статистикалық деректерінің қорытындысы бойынша облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орындар саны 161 бірлікті құрап, ондағы орналастыру орындары 1842 нөмірге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 3471 төсек-орынды құрады. Олармен 25528 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,1%-ға артты. Есепті кезеңде орналастыру орындарында 367,5 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, қызмет көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 35,2%-ға артты.Жуырда Таразда әлемдік стилисттер мен  киім дизайнерлерінің қатысуымен «Taraz Fashion Week» мода апталығы өткені белгілі. Мұндай ірі көлемдегі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі облысымызға туристерді көптеп тартатыны анық.Фото: bnews.kz  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00