Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:03, 04 Тамыз 2023

Жамбылдағы фосфор зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы зардап шекті

None
None

3 тамыз күні Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болып, салдарынан екі жұмысшы зардап шекткен.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор алынған.

Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3 тамызда НДФЗ жұмысшылары дененің әр жерінен химиялық күйік алғанын растады.

«Осы факті бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Апаттың мән-жайы мен себептерін тексеру барысында анықталатын болады», — делінген хабарламада.

Тегтер: