Жаңа әліпиде ч дыбысына әріп алу керек пе?

Латынграфикалы жаңа әліпбидің бекітілген акут нұсқасындаЧдыбысы Сhдиграфымен беріліп тұр.
Диграф жазудағы сөз тұрқы созылыңқыжалғамалы қазақ тілі үшін қолайсыз екені белгілі. Бір жағы, осы себепті, екіншіжағы, бөтен дыбысқа арнайы таңба алудың қажеті жоқ деп шешкендіктен,Орфографиялық жұмыс тобы жетілдірілген умлаут жобадан Сhтаңбасын алып тастады. Сөйтіп, жаңа әліпбидің бекітілген жобасындаәріп саны 32, ал жетілдірілген нұсқада 31.
Мамандар мен ғалымдар арасындағы, қоғамдағы талқылау жетілдірілген умлаутжобаны қолдаушылардың саны басым екенін көрсетті. Дегенмен оның құрамындағыбірнеше таңбаға қатысты пікіралуандығы бар. Солардың бірі – Ч-ға қатысты мәселе. Ч дыбысына таңба алу қажет емес деген ұстанымбасым, бірақ оған жеке әріп беруді ұсынатындардың да өз уәжі бар. Мәселен,«ұлттық жоба» деп Тіл білімі институтының ғалымдарының бір тобы ұсынып жүргенәліпбиде Чдыбысы үшін арнайы таңбаалынған. Сонда Орфографиялық жұмыс тобы құрамындағы ғалымдардың Ч дыбысын таңбалау қажет емес дегенұстанымы дұрыс па, әлде Çтаңбасынәліпбиге енгізу керек пе? Осыған тоқталып, мәселенің дұрыс шешімін табу үшін,бірге талдап көрелік.
Ч дыбысына арнайы таңба алуды қолдаушылардың уәжі:
— орыс тілі арқылы енген сөздер(чемпион, чек) құрамындағы Ч-ны қазіргі қазақ жеңіл айтаалады, әрі бұл сөздер тілдің лексикалық байлығы, олар кирил жазуымен қалайеніп, дыбысталса, өзгертпей, солай латында да таңбалап, дыбыстау қажет;
— қазір ағылшын тілінен құрамында Чдыбысы бар сөздер (блокчейн,коучер, фьючерс) көптеп еніп жатыр, оларды түпнұсқатілде дыбысталатындай ерекше таңбамен белгілеу керек;
— түрік,әзербайжан әліпбиінде Ч-ға арнайытаңба бар. Ортақ түрік әліпбиінің құрамындағы әріптерді мейлінше толық қолданукерек;
— Чдыбысы қазақ тіліне жат емес, олжазуда таңбаланбаса да, шығыс говорларында төл сөздерде (шық – чық, қанша — қанча)де айтылады, сондықтан оған арнайытаңба алса, шетсөздердегі Ч-ны айқындыбыстау да, ерекшелеп жазу да қиындық тудырмайды;
— Ф, В, Хсияқты шеттілдікдыбыстарды таңбалауға әріп алғанда, Ч-ныалмаудың себебі жоқ.
Ч дыбысына арнайытаңба алмауды қолдаушылардың уәжі:
— Чдыбысы бар орыс тілі арқылы енген шетсөздердің ішінде әсіресетұрмыстық зат, бұйым атаулары о баста фонетикалық принциппен игеріліп жазылды: шабадан(чемодан), шай (чай), шәйнек (чайник), кірпіш (кирпич). Себебі олар ауызша коммуникацияарқылы таралып, орнықты, сондықтан оларды ауызша сөзде әбден таныс нұсқада игеріпжазу еш қарсылық тудырмады. Бірақ бұл үдеріс кирил әліпбиін қолданған кеңестіккезеңде саяси себептермен тоқтатылды. Осы үдерістің тоқтау кезеңі жазбакоммуникацияның ерекше дамып, орыс тілі арқылы жаңа атаулардың лек-легімененген ХХ ғасырдың екінші жартысы кезеңімен тұспа-тұс келді. Орыс тілі арқылыенген сөздер енді тек жазба мәтін арқылы таралды, әрі олардың дені терминдікмәндегі салалық сөздер болды. Егер бұған дейін тұрмыстық атауларды ауызша сөздеигеріп, олар жалпыхалықтық сипат алса, бұдан былай жазба мәтіндер арқылы енгенсөздің барлығы бірдей қалың жұртшылыққа кеңінен таныс болмады, оны саламамандары, оқыған қауым ғана түсініп, қолданды.
Сонымен бірге тұрмыстық атаудан болған, игерілгенорыс сөздері бейресми қатынасқа, ал жазба коммуникация көздері арқылы орысшатұрпатта таңбаланатын сөздер енді негізінен ресми қатынасқа қызмет етті. Бірөкініштісі, сол кездегі кеңестік қоғамда оларды өзгертпей қолдану «тілдішұбарлау» сияқты теріс бағаланған жоқ, керісінше, «мамандардың бір-бірін түсінудеңгейін арттыру, халықаралық ғылыми, мәдени ортамен құрмаласу» сияқты оң бағаалды. Сөйтіп, қазір орыс тілі арқылы енген сөздің барлығы сияқты Чдыбысты сөздердің де бір бөлігіқазақша Ш-мен, екінші бөлігі орысша Ч-мен жазылады (чемпион, чемпионат, чек). Солай болған күннің өзінде, соңғыларыныңсаны көп емес. Орыс тілінің ережесі бойынша жазылатын шамамен 14600-ға жуықжалпы мағынадағы шеттілдік сөздің ішінде 77 сөздің құрамында ғана Ч дыбысы бар, яғни орысша жазылатынсөздердің 0,52 пайызында Чәрпі кездеседі.
Осы әріп қазақ мәтінінде қандай жиіліктеқолданылатынын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының филологияғылымдарының докторлары, профессор Асқар Жұбанов пен Айман Жаңабекованыңжетекшілігімен әзірленген қазақ әріптерінің жиілік сөздігінен де көруге болады(www.tbi.kz// «Қазақграфемаларының жиілік сөздігі», Алматы, 2018). Әріптердің жиілікті-әліпбилісөздігінде 67 451 836 әріптен құралған қазақ мәтініндегі әрбір жекеәріптің жиілігі анықталды, сонда Чәрпінің абсолютті жиілігі 3 702, яғни 70 миллиондай әріпқолданыстан құралғанмәтінде Ч небары 3 702 реткездескен, бұл барлық мәтіннің 0,005 пайызынқұрайды. Аталған көрсеткіш қаншалықты аз екенін түсіну үшін ең жиі кездесетін А әрпінің жиілігімен салыстыруғаболады: Аәрпі 67 451 836 әріптенқұралған қазақ мәтінінде 8 630 862 рет қолданылған, бұл бүкілмәтіннің 12,8 пайызын құрайды. Жиілігі аз әріптердің соңғы үштігін Чәрпі бастап тұр, одан кейінгі жиілітөмен әріп Щ және Ё(екеуінің мәтінді қамту пайызы 0,002).Латыннегізді әліпбиде Ч, Щ мен Ёарнайы таңбаланбағанының бір себебіде осы;
— Ч тіліміздің негізгі дыбысы (фонемасы) емес. Чдыбысы Тдыбысынан кейін тұрған Ш-ның бір түрленімі ғана, яғни Шдыбысының қоршауға тәуелді айтылатын реңкі,мысалы, /хатшы/ — <хатшы> — [хатЧы], /отшашу/ — <отшашұу> — [отЧашұу]. Бірақ [бадашы], [шашұу]сияқтықоршауға тәуелсіз жағдайда жайылыңқыжуысыңқы, қатаң, тіл ұшы-қызыл иек Шдыбысы анық айтылады. Сондықтан хатшы, отшашусияқты сөздерде Т-ның алдындағы позицияда Ч айтылып, естілгенмен, жазуда негізгідыбыс Штаңбаланады[1],өйткені қоршауға тәуелді, дербес мағына ажыратпайтын дыбыс қазақ жазуының бастыпринципі – фонологиялық принципбойынша жазуда таңбаланбайды, бұл принципке сәйкес жазуда тек фонемалартаңбаланады. Демек қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде Ч фонемасы жоқ.
Түрік, әзербайжан әліпбиінде Ч дыбысына арнайы таңба бар, себебі бұлтілдерде ол сөз мағынасын ажырататын дербес дыбыс – фонема. Түбі бір түркітілдерінің бірінде бар дыбыс екіншісінде неге болмайды деген сұраққа тарихифонетика бойынша жүргізілген зерттеулер жауап береді. Түркілердің барлығы бірқауымдастық болып тұрған көне кезеңде, қазіргі тілдерінің байырғы ортақ көзіболған түркі ататілінде Чдауыссыздар жүйесінде тоғысыңқы-жуысыңқы дербес фонема мәртебесіндегі дыбысболған.
Түркі тілдерінің тарихифонетикасын зерттеп, түркі ататілінің фонетикалық жүйесін реконструкциялағанғалым А.М. Щербак ататілдегі /*ч/дыбысы қазіргі түркі тілдерінде түрлі эволюцияға ұшырағанын анықтады, мәселен,ол ататілдік /*ч/башқұрт, хақас,саха тілдерінде С-ға, ал қазақ,қарақалпақ, ноғай, тыва, шор тілдерінде Ш-ға,балқар тілінің малқар және әзербайжан тілінің ордубад диалектісінде, батыссібіртатарларының говорында Ц-ға, шуаштілінде С'мен Ч-ға ауысқанын,ал қалған тілдердің бәрінде сол Чкүйінде қалғанын нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетеді (А.М.Щербак.Сравнительная фонетика тюркских языков. Ленинград: Наука, 1970, 169 бет). Мысалы, түрікше чечек, көч,қазақша шешек(гүл), көш,әзербайжанша чөп, чапқазақша шөп,шап.Сондықтан түрік, әзербайжан әліпбиінде Ч-ға арнайы таңба алу заңды болса, қазақ тілінде мұның фонологиялықнегізі жоқ. Қазіргі қазақ тілінің Тарбағатайдан бастап Шығыс Қазақстаноблысының оңтүстігі мен Жетісу өңірі говорында сөз басындаШ-ның орнына Ч-менсөйлеуі осы тарихи фактінің, яғни көнетүркілік Ч дыбысының сақталып қалғанының бір көрінісі болып отыр (бұлтуралы: www.rusnauka.com/23_WP_2009/Philologia/50908.doc.htm//Раева Г.М. Соответствие глухих согласных в анлауте тюркских языков). Алайда бұләдеби тілдің нормасына қайшы, сол себепті ешбір ұлттық тілдің әліпбиіне диалектпен говорға тән дыбыстың таңбасы алынбайды;
— Чөзікездесетін барлық тілдерде жасалуы күрделі дыбыс, ол алдыңғысы Т, соңғысы Шдыбысының жасалуына ұқсас тоғысыңқыжәне жуысыңқы екі артикуляциялық компоненттен құралады, тіл ғылымында мұндай дыбыстардыаффрикат дыбыс деп атайды. Аффрикат дыбыстардың күрделі құрамына қарап олардыекі дербес дыбыстың қосындысы, тіркесі деп тану қате. Аффрикат тұтас бір дыбыс,ол өз алдына дербес мағына ажыратады: мысалы, [aču't'itca] — /очутиться/және[atšu't'itca] — /отшутиться/сөздерінен орыс тіліндегі Чқоршауға тәуелсіз түрде тұрып,сөздің мағынасын ажырататынын көруге болады, демек бұл тілде Ч– дербес фонема (Л.Р.Зиндер. Общаяфонетика. М.:1979, 141 бет).
[1]Мұндағы// жақша сөздің жазылу тұрқын, <> жақшасанадағы дыбыс (фонема) құрамын, ал [] жақшадыбысталуын білдіреді.
Ал қазақ тілінде Ч тек Т-ның алдындағы Ш фонемасының дыбыстықтүрленімі екенін алдында айттық. Олай болса, орыс тілінен енген Ч фонемасынақазақ әліпбиіне арнайы таңба алудың негізі бар ма? Арнайы таңба алмасақ, Чдыбысымен келетін шетсөздерді қалай жазамыз деген мәселе туындайды. Оны шешуүшін Ч аффрикат дыбысының күрделі құрамына ұқсатып, tşәріптіркесімен транслитерациялап жазуға немесе орыс тілінен енгенЧ дыбысты сөздердің ертеректегі игерілу тетіктеріне сүйеніп, Ш-ныңşтаңбасымен жазуға болады. Осы тұста жалпы мағыналы сөздер менжалқы мағыналы сөздердің жазудағы таңбалану принциптерінде ерешелік бар екенінескеріп, Чдыбысы бар шеттілдік кісіесімі мен жер-су атын транслитерациялау принципімен, мысалы, Tşehov,Tşaplіn, ал жалпы мағыналысөздегі Ч-ны Ş таңбасы арқылы беру ұтымды болмақ. Бұл, озық жазулардағыдай, ономастикалықатаулардағы құжаттық дәлдікті сақтауға мүмкіндік береді әрі сөзді игерумеханизмін іске қосады. Мысалы, француз тілінде Чдыбысы жоқ, сондықтан олар ағылшын тілінен енген Ч дыбысы баржалпы сөздерді де, тіпті кісі есімдерін де Шарқылы жазып, Шарқылы дыбыстайбереді: чартер – charte–[ʃaʁt], блокчейн – blockchain –[blɔkʃɛ̃], коучер–cocher– [kɔʃe], чемпион– champion– [ʃɑ̃pjɔ̃], Шарль– Charles– [ʃaʁ
- Чдыбысына Çтаңбасы ұсынылыпжүр. Бұл таңба әліпби құрамына алынатын болса, жетілдірілген жобадағыдиакритикалық таңбамен берілген әріп саны артады. Бұл оның әліпби құрамына алмаудыңнегізгі болмаса да, жанама себебінің бірі;
- өзге тілге тәндыбыс таңбасы Ф, Вәріптеріналғанда, Ч-ны неге «шеттетеміз»деген пікір жиі айтылады. Мұнда Ф, Вәріптері таңбалап тұрған дыбыс пен Ч таңбалайтын дыбыстың арасында айырмашылықбар екеніне ерекше назар аудару керек. Ол айырмашылық осы дыбысы бар сөздердің игеріліпжазылған графикалық тұрқының көзшалымға жеңіл, графикалық кескінінің мәтінішінде танымал болу деңгейімен өлшенеді. Мысалы, Фдыбысының таңбасын әліпбиге алмай, оны Пнемесе Бтүрінде игерутетігі бойынша жазып, футболды putbol/butbol (путбол/бутбол),федерацияны pederasіa/bederasіa (педерация/бедерация), факультеттіpakültet/bakültet (пакультет/бакультет), фотондыpoton/boton (потон/ботон),фарфордыpаrpor/bаrbor (парпор/барбор), фосфорды pospor/bosbor (поспор/босбор),файлды pail/bail (пайл/байл),фитнесті pitnes/bitnes(питнес/битнес)түріндетаңбаласа, бұлардың тұрқы мәтінде танылмай кетеді, сол сияқты В-мен келетінсөздерді де игеріп, У-мен вакуум– uakum (уакуум), валидол – ualіdol(уалидол),немесе Б-мен конвертер– konberter (конбертер), валидатор – balіdator(балидатор) деп жазса, бұл оқуды қиындатады. Бұлардың оқылуы қиын,көзшалымға бірден түснікті бола кетпейді. Демек, Фмен Вигеруге қиынәріптер, сондықтан әліпби құрамына алынды. Ал Чигеруге ыңғайлы әріп, сондықтан оны әліпби құрамына алудың қажетіаз. Бұл әріп таңбалап тұрған аффрикат дыбыстың күрделі құрамындағы соңғыэлементінің, яғни Ш-ның таңбасыналып жазса, шетсөздер мәтін ішінде танылады, оның тұрқы көзшалымға ауыртимейді, сөйтіп, қазақ тілінде игерілген сөз саны да артады. Бұған көз жеткізуүшін, жетілдірілген әліпби жобасымен жазып, қарап көрелік:
ваучер | vauşer | венчур | venşur | диспетчер | dispeşer | каучук | kauşuk | очерк | oşerk | франчайзинг | franşaiziŋ | фьючерс | füşers | чартер | şarter | чек | şek | чемпионат | şempionat |
Мысалдар жеңіл танылып тұр, графикалық кескіні оқырмандыойландырмайды, түпнұсқа тілдегі тұрқынан ерекше алшақтаған жоқ, дыбысталуы даұқсас. Сонымен бірге дыбысталуы тіліміздің айтылу нормасына да үйлеседі. Сонда латынәліпбиімен сауат ашқан ұрпақ Ч-менкелетін сөздің бәрін қазақша жазып қана қоймай, қазақша дыбыстайтын да болады:табиғи жолмен игерілген кірпіш, шәйнексөздеріндегідей, [чек]емес, [шек], [чартер] емес,[шартер]деп айтуға дағдыланады. Бұл өз кезегінде ағылшын тілінің әсерімен болашақтакөптеп енетін сөздердегі Ч-ныигеруге де мықты тетік жасап береді, шетсөздердің «ұлттық» тұрпаттатаңбалануына жол ашады, отар тілдегі төл сөзге бөлек, шетсөзге бөлек жасалатынқосамжар орфографиялық ереженің санын азайтады, тұтас ұлттық жазу ережесінқалыптастырудың, сөйтіп, жаңа жазудың тілді ұлттық арнаға бұру мақсатынорындаудың бір тәсіліне айналады. Ал қалыптасқан ұлттық жазу тіліміздіжаңартса, ұлттық арнаға түскен тіл рухымызды жаңғыртады, жаңғырған рух санабостандығын қалыптастырады. Бір қарағанда, бір таңбада тұрған ештеме жоқ сияқтыкөрінгенмен, тілдің тірі ағзасының күрделі жүйесінде ол бүкіл ағзасаламаттығына тікелей жауапты маңызды бөлшек болып табылатынын байқау қиын емес.
Анар Фазылжан
Ш.Шаяхметоватындағы ұлттық-ғылыми
практикалықорталығының ғалым хатшысы,
филологияғылымдарының кандидаты