Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:31

Жаңа Ата заң қабылданса, Конституция күні өзгеруі мүмкін

Конституция
Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың мәлімдеуінше, конституциялық комиссия мүшелерінің бір бөлігі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда Конституция күнінің датасын ауыстыру орынды деген пікір білдірген.

Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, атқарушы орган ретінде министрлік комиссия жұмысы толық аяқталып, тиісті саяси-құқықтық шешімдер қабылданбайынша бұл мәселеге қатысты нақты баға бере алмайды.

Қазіргі уақытта конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасы бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Одан кейін жалпыұлттық референдум өткізу жоспарланған. Тек осы кезеңдерден соң ғана мерекелік күндерге қатысты мәселе талқылануы мүмкін.

Евгений Кочетовтың сөзінше, жаңа Конституция жобасына қоғам тарапынан көптеген ұсыныс пен пікір келіп түскен. Бұған дейін комиссия мүшелері Конституция баптарының басым бөлігіне өзгеріс енгізу ұсынылғанын, ал бұл өзгерістер ауқымы жаңа Ата заң қабылдауды қажет ететінін атап өткен.

Тегтер: