Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:14

Жаңа Конституция – бірліктің негізі: Коалиция Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

1

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды облысының жұртшылығымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу өткізді.

 Достық үйінде өткен жиынға 150-ге жуық адам жиналды. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, мәслихат депутаттары және қоғамдық пікір көшбасшылары болды.

Кездесу барысында биліктің барлық тармақтарын жаңғырту, ұлтаралық келісім мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолданыстағы институттарын трансформациялау және жаңа консультативтік орган – Халық кеңесін құру мәселелері талқыланды.

Ассамблея өкілдері көпэтносты қоғам үшін сенім, теңдік және өзара құрмет атмосферасының маңызы ерекше екенін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қағидаттар жаңа Конституцияның кіріспесінен бастап айқын көрініс тапқан.

Сонымен қатар Ассамблея қызметін қайта форматтау мәселесі жеке блок ретінде қаралды. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи тұрғыда тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын айтты. Дегенмен, қазіргі қоғамдық үдерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жаңартуды талап етеді.

Президент ұсынған жаңа институт – Халық кеңесі этномәдени бірлестіктер өкілдерін, мәслихат депутаттарын және азаматтық сектор мүшелерін біріктіруге тиіс. Жоспар бойынша бұл орган елдегі маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді, соның ішінде ұлтаралық қатынастарды талқылауға азаматтарды кеңінен тартатын негізгі диалог алаңына айналады. Заңнамалық бастама Халық кеңесіне қоғам сұранысына сай өз күн тәртібін жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында қатысушылар өңірдің өмір сапасын арттыру, қоғамдық бірлік пен әділеттілікті нығайту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдіріп, жаңа Конституцияға толық қолдау танытты.

Тегтер: