Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:11, 31 Қаңтар 2026

Жаңа Конституция: Қазақстан азаматтығынан қандай жағдайда айрылуыңыз мүмкін?

Конституция
Фото: ашық дереккөз

Жаңа Конституция жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны көрсетілген. Азаматтық берілген негізіне қарамастан біртұтас әрі тең болып қала береді.

Құжатта Қазақстан азаматын азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан шектеуге немесе ел аумағынан тыс жерге аластауға тыйым салынатыны атап өтілген. Алайда азаматтықтан айыру тек сот шешімімен және ерекше жағдайларда ғана мүмкін.

Атап айтқанда, террористік қылмыс жасағаны немесе Қазақстанның ұлттық мүдделеріне ауыр зиян келтіргені үшін азаматтықтан айыруға жол беріледі.

Сонымен бірге Қазақстан азаматтарына қос азаматтық алуға рұқсат етілмейді. Егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ол Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Тегтер: