Бүгін, 13:47
Жаңа Конституция жастарға бағыт-бағдар болуы тиіс — Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді
— Мен бұған дейін де айттым: бұл – Әділетті Қазақстанның Конституциясы, Заң мен тәртіптің Конституциясы. Бұл – болашаққа бағытталған Конституция, — деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Негізгі заңның мазмұны едәуір дәрежеде жас ұрпаққа арналған.
— Бұл Конституция ең алдымен жастарға бағыт-бағдар, жол көрсететін құжат болуы тиіс. Бұл — оның басты мақсаты. Қазақстан прогрессивті әрі заманауи мемлекет болуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған өте маңызды міндет, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.