Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 20 Ақпан 2024

Жаңа министр Әрінов журналистерге кеңес беріп, сынға қалды

ТЖМ
Фото: из открытых источников

Төтенше жағдайлар министрі БАҚ өкілдерінен шағын және тұрмыстық өрттер туралы аз жазуды сұрады.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жақсы жұмыс істейді. БАҚ және басқа арналар барлық төтенше жағдайлар туралы хабарламаларын үнемі өз бақылауына алады. Осыған байланысты Қазақстанда олардың саны тым көп сияқты әсер қалдыруы мүмкін.

Ол баспасөз хатшылар дағдарыс орталықтарында тәулік бойы кезекшілік атқаратынын атап өтіп, өздерінің Telegram-каналында елдегі төтенше жағдайлар туралы барлық ақпаратты беретінін айтты.

– Мұның бәрі біздің ашықтыққа бет бұрғанымызды көрсетеді. Біз 24/7 режимде телеграм арналарда төтенше жағдайларға байланысты ақпаратты жариялап отрымыз. Біздің баспасөз қызметіміз тәулік бойы дағдарыс орталығында кезекшілік етеді. Сіздер қазір шынайы ақпарат көздерінен мәлімет ала аласыздар. Сол себепті телеграм-арналарда, БАҚ-та сондай әсер туындайды. Мен БАҚ-тан ұсақ өрттерді немесе кішігірім жайттарды жариялай бермесеңіздер деп өтінемін. Бүкіл елге оны жариялаудың не қажеті бар? – деді ол үкімет отырысынан кейін.

Артынша БАҚ өкілі, ақпараттандыруды тек БАҚ шешетінін айтты. Ал министр өз сөздерін “тек кеңес ретінде айттым” деп сендірді.