16:00, 13 Маусым 2022
Жаңа облыс тұрғындары қайта тіркеуден өтуі керек пе?
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның жаңа облыстарының заңды тұлғалары мен тұрғындары үшін мүлікті қайта тіркеудің қажеті туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ.
Ал вице-министр Бауыржан Әмірбеков облыс тұрғындары құжаттарды жоғалтқан және жаңартқан кезде жаңа мекенжайды енгізетінін атап өтті.
"Қолданыстағы құжаттарды қайта тіркеуден өткізудің қажеті жоқ", — деп толықтырды Ұлттық экономика вице-министрі.