Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:30, 02 Қаңтар 2025

Жаңа Орлеандағы теракт. 15 адам қаза тапты

Жаңа Орлеан
Фото: MATTHEW HINTON/AFP

Жаңа Орлеанның орталығында көлік жаңа жыл түні демалушыларды соғып, кем дегенде 15 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды. Шабуылдаушы өлтірілді. "ФБР" бұл шабуылды теракт ретінде тергеп жатыр.

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Жаңа Орлеан қаласының орталығында 1 қаңтарға қараған түні ер адам әдейі көлікті көпшіліктің арасына айдап кеткен. Кемінде 15 адам қаза тауып, 35-і жарақат алған.

Полиция басшысы Энн Киркпатриктің айтуынша, жүргізуші жұрттың арасына әдейі кіріп кеткен. «Бұл адам мүмкіндігінше көп адамды басып өтуге тырысты. Ол қырғын ұйымдастырып, зиян келтіргісі келді», - дейді.

Оның айтуынша, шабуылшы полицияға оқ жаудырып, екеуін жаралаған, содан полиция атқан оқтан қаза тапқан.

Федералды тергеу бюросы (ФТБ) Жаңа Орлеандағы шабуылды «террорлық акт» ретінде тергеп жатқанын айтты. Мәлімдеме кейінірек департаменттің X әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында пайда болды.

Кейін америкалық ақпарат құралдары камуфляж киген 42 жастағы ер адамның ДАИШ лаңкестік ұйымының туын көтеріп жүргенін хабарлады. Бұл фактіні, атап айтқанда, CNN медиа компаниясы екі тергеушіге сүйене отырып хабарлайды. ФТБ АҚШ азаматы Шамсуд-Дин Жаббар жүзеге асырғанын хабарлады ФТБ өкілі Алетея Дункан көліктен екі қолдан жасалған жарылғыш зат табылып, залалсыздандырылғанын айтты.

Тегтер: