Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:48, 12 Қаңтар 2022

Жаңа Премьер-министр халыққа қандай уәде берді

None
None

Кеше Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-министрі болған Әлихан Смайылов Президент пен Парламент алдында қысқаша сөз сөйледі.

Ол Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының бәрі уақытылы орындалатынына уәде берді.

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндет болады», — деді Смайылов.

Ол тиімді макроэкономикалық саясатты іске асырып, жаһандық өзгерістердің әсеріне ұшыраған инфляцияны төмендету басты міндет болатынын айтты.

«Экономикалық өсуді орта мерзімді уақытта 5% деңгейіне жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылады», — деді жаңа Премьер-министр.

Сондай-ақ Смайлов «Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл ауқатын арттыру, сондықтан, мемлекет бюджеті тиісті шараларға жұмсалады», — деді.

Тегтер: