Жаңа Қазақстан ескі тәртіппен неге жүреді?
Шоумен, Stand Up жанрының әзілкеші Ғалым Қалиақбаровтың Tiktok-тағы парақшасын көрдік.
«Отмазхан На*бханов» деген қолданушы жақсы қалжыңдайды, асфальт төселмеген жолдың құрылысына 700 миллион теңге жұмсап жіберген СҚО шенеуніктеріне пародия жасап. Қиыршық тас төсей салған ғой жолға.
«Асфальт деген ескірген дүние. Жаңа заманда қиыршық тастан экологиялық жол саламыз – біз. Асфальт төсесең, жүргізушілер жылдам жүріп, оның арты көліктер апатқа ұрынуы мүмкін. Халық штрафқа түседі. Біз осы технологиямызды Моңғолия мен Африка елдеріне сатып үлгердік. Біздің жолдарымыз ең жақсы», – деп қалжыңдайды әлгі Отмазхан. Ол өзі «Откат» компаниясының тендермен айналысатын бас маманы екен.Мұндайда не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Өйткені СҚО-да мұндай жағдай шын өмірде кездесіп жатады. 2020 жылы Ұлттық қордан шынымен де аудандық маңызы бар жолды жөндеуге 700 миллион теңге бөлінген. Журналист Асхат Ниязов анықтағандай, жолды жөндеу жұмыстары әлі бітпеген, тіпті бітетін түрі көрінбейді. Әлі асфальт төселмеген. Мердігерлердің бар тындырғаны – қиыршық тас әкеп, төгіп кеткен. Құрылыс неге сонша созылып кетті деп шағымданған тұрғындардың арыздарын әкімдік пен бас прокуратура да елемей келеді. Бас мердігер Геворг Погосян бұл жолмен жүруге болады депті, сағатына 120 шақырым жылдамдықпен. Бірақ журналистер өзіңіз сондай жылдамдықпен жүріп көріңіз, дегенде мердігердің өз көлігі жолға шыдамай, бұзылып қалыпты.
СҚО мен жемқорлықСҚО-ның шенеуніктері әлі де жемқорлық һәм ұрлықпен жүретін ескі Қазақстанда тұрады. Президент жаңа заңдар қабылдап, реформалар бастап жатса да, СҚО билігі селт етпейді. Асфальты жоқ жол салып жатыр. Өз кәсіпорындарының түбіне өзі жетеді. Заң талаптарын орындамайды.Жуырда «Честный взгляд» деген канал Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіндегі жемқорлық тақырыбына арналған репортаж жасады. Оның бас кейіпкерлері – әкім Құмар Ақсақалов, прокурор Тайымбетов және СҚО полиция департаментінің бастығы Кубулдинов деген үш сабаз. 2020 жылы СҚО шенеуніктері «Тиолайн» компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізген. Жұмысшылар құқығы мәселесін шешеміз деп таудай уәде берген. Бірақ берген уәделері жайына қалды! Иә, Президент Жаңа Қазақстан құрмақ болып жүргенде, СҚО шенеуніктерінің ескі Қазақстаннан құтылғысы жоқ. Мемлекет басшысының талабы мен оның 2020 жылғы жолдауын көзге ілмейді.
«Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру, мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек. Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн. Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек», – деген еді мемлекет басшысы екі жыл бұрынғы жолдауында.СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жуырда ғана Тоқаевтың талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс дегенді қадап айтқан. Бірақ әттең, мұнысы да жалаң сөз күйі қалды. Әкімдік тарапынан Обухов кен байыту комбинатына әлі де қысым жасалып жатыр. Әкімдік, ашығын айтқанда, бизнесмендерді қудалауымен біздің мемлекеттілігімізге қарсы қылмыс жасауын жалғастыруда.Жергілікті полицияның кәсіпорынның титан-цирконий концентраттары тиелген жүктерін тоқтатумен екі жыл бойы айналысып келеді. Әсіресе қаралы қаңтар оқиғасынан кейін шектен шығатын іске барды. Полицейлердің мұнысын арандатушылық деп бағалауға болады. Сол кезде кәсіпорынға араша түсуге Ақмола облысының полициясы келген. Үлкен жүк көліктері қақаған аязға қарамастан, жолда тоқтатылған. Обухов кен байыту комбинатының қызметкерлері ешқайда кетпей, жүкті тасымалдау құқығы үшін күрескен. Ақмола облысының полициясынан үркіген СҚО полицейлері сол кезде тайып тұрған еді. Бірақ өздерінің қара тірліктерін тоқтатқан жоқ.2022 жылы 21 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан кез келген кедергі келтіру әрекеттеріне жол берілмейтінін еске салды.Тоқаевтың пікірінше, қаңтарда орын алған оқиғалар 30 жыл бойы қордаланған әлеуметтік мәселелердің бетін ашты. Біздің мемлекетіміз бен қоғамымызға терең трансформация қажет. Ел дамуындағы оң өзгерістер негізінен бизнестен басталуы тиіс. Өндіріске қаражат салынуы керек. Жұмыс орындары ашылуы қажет. Ғылым мен білімді дамыту, жұмсалған салым міндетті түрде қайтарымын береді. Сіздер осымен айналысуыңыз керек. Ірі бизнес техникалық деңгейдегі білікті кадрлардың жоқтығын айтып жылай бергенше, неге колледждермен ынтымақтаса жұмыс істемейді, – деп атап өткен Тоқаев.Айта кетсек, кен байыту комбинаты Шоқан Уәлиханов атындағы колледжбен серіктестік орнатқан. Колледжде тау-кен ісі кафедрасы ашылды. «Тиолайн» компаниясы техникалық жұмысшылар мен мамандар оқытып, шығаруға қаражат салуда. Студенттер зауытта өндірістік тәжірибеден өтіп, өндірістік стипендия алады.Обухов кен байыту комбинаты өзін әлеуметтік бағдардағы бизнестің қатарына жатқызады. Сотрудничает с детским домом и пансионатом «Доброе сердце» деген балалар үйі мен пансионатпен ықпалдастық орнатқан. Қызметкерлерге ана капиталын төлейді. Тоқаев айтқан талаптардың барлығы «Тиолайн» компаниясында бұрыннан сақталып келеді. Қызметкерлердің жалақысы жоғары, үстемеақылар мен сыйақылар жиі беріледі жұмысшыларға. Кен байыту комбинаты ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек береді, жастардың баспаналы болуына барынша қолдауын жасайды. Бірақ СҚО билігінің президент талаптары мен нұсқауларына қарсы келетін өз саясаты бар екен. Олардың мақсаты – өңірдегі әлеуметтік бизнесті дамыту емес, оның көзін құрту сияқты. Жұмысшылар мен өз азаматтарына жаны ашымайды. Шетелдік инвесторлардың комбинатты тартып алуына көмектесудің бар амалын жасап жүр. Оны банкрот қылып, активтерін қытайларға сатып жібермек.