Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:56, 23 Қыркүйек 2022

Жаңа Қазақстанда қауіпсіз жұмыс

None
None

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша, жыл сайын 2,3 миллионға жуық ерлер мен әйелдер жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардың немесе жұмысқа байланысты аурулардың салдарынан қайтыс болады.

Бұл күніне шамамен 6 мың адам.

Жаһандық экономикалық ауытқулар, тұтынушылардың сұраныстары мен еңбек келісімдері ішкі ұйымдық қатынастарға әсер ететін жаңа технологиялар мен күрделі өндірістік жүйелер дәуірінде әртүрлі салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындар салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен қолдауда жаңа міндеттерге тап болады.

Еңбекті қорғау – әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, құқықтық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шараларды қамтитын еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі.

Еңбекті қорғау мәдениеті – бұл жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын еңбек процесінде сақтау жүйесінің дамуының жоғары деңгейі.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жаңалықтарды «KIOSH-2022» 10-халықаралық көрмесіне қатысушылар көрсетті. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің 30-дан астам компаниясы қатысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алғаш рет конференцияның Алтын серіктесі болды. Еліміздің ірі металлургиялық алыбы өзінің «Казахстанская» және Күзембаев атындағы шахталарында енгізілген инновациялық технологиялар павильонын ұсынды.

KIOSH-2022 – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету және тәжірибе алмасуға арналған Қазақстандағы жалғыз диалог алаңы. Биыл оныншы мерейтойлық көрмеге 35 шетелдік және отандық компания өкілдерін жиналды.

Игорь Федосеев, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті еңбекті қорғау және қауіпсіздік департаментінің директоры:

– Менің ойымша, жақсы диалог шыққан сияқты. Пандемиядан кейін біз бірінші рет жанды түрде кездесіп, адаммен жұмыс, ескірген машиналар мен механизмдерді ауыстырумен, медициналық қызметімізбен жұмыс істеу сынды қызу мәселелерді талқыладық. Кәсіпорында біз бұл жұмысты өндірістік кеңестер бойынша, стандарттар бойынша жүргіземіз. «АрселорМиттал Теміртау» көрмеде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзінің инновациялық шешімдерін ұсынды. Жеке қорғаныс құралдарына ерекше назар аударылады. Мұнда металлургтер мен кеншілерге арналған заманауи комбинезондарды, озық жабдықтар мен қалпына келтіруге арналған бұйымдарды табуға болады. Металлургиялық комбинаттың шахталарында енгізілген соңғы жаңалық – жерасты позициялау жүйесі.

Сергей Игнатов, Т.Күзембаев атындағы шахтаның позициялау жүйесінің слесары: – Персоналдың тұрған жерін дер кезінде қадағалап отыру, төтенше жағдай кезінде ескерту сигналын дер кезінде беру үшін позициялау жүйесі орнатылды. «АрселорМиттал Теміртауда» жаңа технологияларды енгізудің арқасында өндірістік жарақаттану деңгейі 15 пайызға төмендеді. Мерейтойлық Халықаралық конференцияның нәтижесінде серіктестік пен үздік дебют үшін компания алғыс хаттарға ие болды.

Тегтер: