Жаңа Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі Жаңа Конституцияның орны мен рөлі
Қазіргі кезеңдегі Конституцияның дамуы әлемдегі «құқықтық үрдістің» өркендеуімен сипатталады.
Кез-келген мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі көптеген құқық салаларының ішінде 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияның алатын орны ерекше, себебі барлық құқық саласының арақатынасын бір-бірімен байланыстыратын ортасы болып табылады.
Жалпы «Конституция» термині латынның «constitutio» сөзінен шыққан, яғни құру немесе орнату деген мағынаны білдіреді, осы тұрғыдан Конституция – бұл мемлекеттік билікті құрудағы адамның жүріс-тұрысын, қоғамдық құрлыстың негізін, өзін-өзі басқару органдарымен қоса мемлекеттік органдар жүйесінің қызметтерін және оларды ұйымдастырылу тетіктерін тұрақты түрде реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін айтады.
Әрине қоғамдық қатынастардың ауқымдығын барынша реттеу үшін мемлекет құқықтық құралдар арқылы экономикалық және әлеуметтік үрдістерге белсенді түрде араласады.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткені бәрімізге мәлім. Бұл дегеніміз – тәуелсіз Қазақстан Конституцияның 3/1 бөлігіне өзгерістер енгізуді көздейді, олардың кейбіреулері төмендегідей:
- 6-бабы Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін;
- 15-баптың 2-тармағы Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады;
- 23-баптың 2-тармағы Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының жəне өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, əскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кəсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс;
- 24-баптың 1-тармағы Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі;
- 43-бап мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ;
6) 71-бабы
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады.
Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып қатарынан екі реттен артық тағайындала алмайды.
2. Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Президенті тағайындайды.
3. Конституциялық Соттың төрт судьясын – Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш судьясын тиісінше Сенат пен Мəжіліс тағайындайды.
Республика Президенті Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқарумен, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
5. Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды;
- 72-бапта: 3, 4 жəне 5-тармақтармен толықтырылсын
3. Конституциялық Сот азаматтардың Конститу цияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тəртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген мəселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сəйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің өтініші бойынша қарайды;
- 83-1-бап
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына кел тіруге жəрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
2. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уəкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды;
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында билік институттарының тепе-теңдігін оңтайлы болуына көңіл бөлді, яғни бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол береді, себебі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – Халық екенін назарға алғаны байқалады.
Ең маңыздысы Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері өзгермейтіндігіне назар аударған жөн.
Сондықтан жоғарыдағы реформалар Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді деген ұғымды әр азамат түсініп, ұғынуы аса маңызды — деп ойлаймын.
Қортындылай келе, Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде барлық құқық саласын қосып біріктірмейді, ол тек құқық саласын құрайтын көптеген келісілген нормалардың маңызды қағидаларын ғана бекітеді. Сол себептен Конституция қоғамдық өмірдің барлық қыр сырын анықтап, оны құқықтық тұрғыдан толық реттей алмайды, дегенмен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу өте орынды деп санаймын.