Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 09 Наурыз 2022

Жаңа құрам жастар саясатына жан бітіреді

None
None

         

          Кез келген мемлекетте жастар – қорғамның негізгі күші саналады.

Сондықтан да дамыған елдерде жастар саясатына айырықша мән берілген. Сонымен бірге, жастардың ойы мен ұстанымына ерік беріліп, жастардың білім-қабілетіне баса назар аударылады. Қазақстанда да солай. Әсірес, соңғы жылдары мемлекет жастар саясатына баса назар аударып келеді. Қоғамда өз орны бар, айтар ойы айқын, білімді-білікті жастарға мүмкіндік беріліп, арнайы бағдарламалар жұмыс жасауда.

Өткен аптада ғана Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің су жаңа құрамы бекітілді. Оған ең алдымен қоғам белсенділері тартылып, жас ғалымдар мен жас кәсіпкерлерге мүмкіндік беріліп отыр. Оның құрамына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының жетекшілері енген. Былтырғы қуаңшылық кезінде Маңғыстау жұртына шөп шауып көмектесіп, асарды алғашқы болып бастаған Құрмет Болатхан, Қазақстан ұлттық телеарнасынан Нартай Аралбайұлы мен Мақпал Жұмабай, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның ұлы, Warwick Bioring негізін қалаушысы және бас инженері Санжар Тайжан, кино және театр актері Асылхан Төлепов сиқты қоғамға белгілі, жастар арасында көшбасшы болып жүрген қыз-жігіттер бар.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин фейсбук әлеуметтік желісіне жазған жазбасында жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттармен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысатынын айтады. Сондай-ақ бұл Кеңес жастардың маңызды мәселелерін шешетін нақты алаңға айналатын көрінеді.

Бұл алаң Президенттің жастарға қатысты айтқан ұсыныстары мен бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс жасайды, оларға осындай міндеттер артылып отыр. Ал міндетті қалай атқару жастардың ерік-жігеріне байланысты шаруа. Дегенмен, мемлекеттің дамуы мен ел экономикасының мығым болуы, Қазақстан ғылым-техникасының өрістеп, әлемде көшбасшы елге айналуы жағынан жастардың қосатын еңбегі орасан. Мемлекет соны түсінетін уақыттың келгенін, жастар саясаты көңіл бөлетін күннің жеткенін түсініп, жаңа құрамды бекітіп отыр. Бұл құрам болашақта қоғамдағы өзекті сауалдар мен күйіп тұрған әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптарға, заң шығарушы органдардың жұмысына мейілінше араласып, өздерінің ой-пікірлерін, ұстанымдары мен көзқарастарын енгізетін болады. Бір жағынан бұл жастарға берілген жаңа мүмкіндік. Ал жаңа құрам жастар саясатына қан жүгірте ала ма? Әрине, ол басқа әңгіме. Ең бастысы – жастар саясатына жастардың өзі араласуы керек!   

Кеңес құрамына енген ақын Мақпал Жұмабайдың айтуынша мұндай жастар кеңесі қазіргі уақытта мемлекеттіміздегі жастар саясатын нықтау үшін ауадай қажет.

— Жастар саясатын үйлестіріп отыру, жастардың әлеуметтік жағдайын оңалту үшін де өте қажет. Жалпы, мемлекетіміздің дамуы жолында жастардың атқарар рөлі ерекше. Қазақ «жас келсе іске» дегенді тектен текке айтпаған. Жаңа құрам жастар саясатына жан бітерері даусыз.  Жастар саясатына жастардың өзі араласып, қоғамда болып жатқан әрбір істерді ой елегіне өткізіп отыру керек. Бұл қолдайтын, қуаттайтын дүние,-деді Мақпал Жұмабай.

Жалпы, жастар саясатын жетілдіруге қатысты бірқатар елдердің тәжірибесіне жүгінсек, көптеген елдер жастардың саясатқа араласуын құптайды. Осыған байланысты халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып Біздің елімізде де мемлекет басшысы  Қасым – Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасымен Президенттік жастар кадр резервін құру жүзеге асуда. Қазірде Президенттік кадр резервіне іліккен 300 астам жас маман, жеке және квазимемлекеттік секторда қызмет атқарып жүр. Бүгінде жастардың арасында жергілікті билікте, бөлім басқармаларында басқарушы қызметте істейтіндер де бар.

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Құрмет Талапқазының айтуынша, жастардың ұйымдастырушылық қабілетін арттыру үшін мұндай идеялардың өмірге келуі қуаттайтын дүние.

— Жастар саясатын дамыту соның ішінде Президентітк кадр резервін даярлау жастарға үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл жастардың дамуына, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді. Жастардың мемлекет ісіне араласуы керек. Жас мамандардың идеясы, ұтқыр шешімдері мемлекетіміздің дамуына өркендеуіне жол ашса өте жақсы емес пе?! Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы елдегі жүйелі істердің тоқтап қалмай одан әрі қарқын алуына жол ашады деп сенемін,-дейді Құрмет Талапқазы.

Тегтер: