Жанабыловтар ісі әкімшіліктен қылмыстыққа өзгертілді

Елордадағы мамандандырылған әкімшілік сот блогерлерге қатысты істі қылмыстыққа ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Ерболат пен Эльмираға Instagram арқылы заңсыз ұтыс ойыны ұйымдастырды деп әкімшілік іс қозғалған болатын. Алайда сот материалдарды тексеру барысында олардың әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлік пен алаяқтық белгілері бар екенін анықтап, әкімшілік бап бойынша істі тоқтатты.
Енді бұл іс Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданып, Қылмыстық кодекстің 214-бабы ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеуге алынатын болады.
Сот дерегінше, блогерлер Zhana Business курстарын сатып алғандар арасында көлік пен ақшалай сыйлық ұтысын ұйымдастырған. Ұтысқа қатысу үшін курс сатып алу қажет болды, бұл ресми лотерея ережелеріне сай келмеді. Осы себепті іс заңсыз лотерея ретінде қарастырылды.
Құмар ойын бизнесін реттеу жөніндегі министрлік комитетінің өкілі сотта бұл ұйымдастыру әдісі алаяқтыққа ұқсайды деген пікір білдірді. Осыған орай, әкімшілік істі тоқтатып, қылмыстық іс қозғауды ұсынды