Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан қаза тапты

медициналық көмек
Фото: из открытых источников

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде ер адам терапевт-дәрігерге шабуыл жасап, пышақтаған. Алған жарақаттарының салдарынан 29 жастағы маман көз жұмды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

" 28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақатынан 29 жастағы ер адам қаза тапты. Алдын ала дерек бойынша, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал салдарынан туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындады. Аталған факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталды.