Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 30 Қаңтар 2026

Жаңаөзенде отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды

Жанжал
Фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға 29 қаңтарда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болды. Отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде 44 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның жұбайы ұсталды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан әйелдің артында жеті бала қалған.

Айта кетейік, бұған дейін, 28 қаңтарда Жаңаөзенде тағы бір қанды оқиға тіркелген. 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Журналист Айсулу Дутбаеваның Facebook желісіндегі жазбасына сәйкес, оқиға медициналық мекеменің дәлізінде болған: ер адам терапевт дәрігерге пышақпен шабуыл жасаған.

Тегтер: