12:36, 15 Қазан 2024
Жаңаөзенде топыраққа мұнай төгіп, жерді ластаған компанияға айыппұл салынды
Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы экология заңнамасының сақталуына талдау жүргізу аясында«SAAT Group» ЖШС-мен мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықтың топыраққа төгілу фактісін анықтаған.
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойыншаалынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдерінің іздері табылды. Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңгеге айыппұл салынды, делінген хабарламада.