Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:30, 17 Сәуір 2023

Жаңаөзенде жарылыс болды. Қаза тапқандар бар

None
None

Бүгін таң атып келе жатқан шақта Жаңаөзендегі екі қабатты үйде жарылыс болып, төрт адамның өмірін қиды.

Жұрт ұйқыда жатқан сәтте он екі пәтерлі үйдің бір бөлігі күшті жарылыстан құлап, бірнеше адам үйінді астында қалды.

Төтенше жағдайдан кейін барлық зардап шеккен тұрғындар сыртқа шығарылып, маңайды тазалау жұмыстары басталды. Болжам бойынша үйдің екінші кіреберісінде газ төгіліп, жарылыс содан пайда болған. Осыдан кейін екі қабатты ғимараттың 150 шаршы метр аумағының құлағаны белгілі анықталды. «Төтенше оқиғадан кейін атаған үйдің 13 тұрғыны ауруханаға жеткізілді.

Оның ішінде екі адамды қатты күйіп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Олармен қатар әртүрлі дәрежеде жарақат алған тағы төрт адам аурухана төсегіне танылды. Жағдайы тұрақты 7 адам үйге шығарылған», — деді қалалық жедел жәрдем қызметіндегілер.  Анықталған жағдай бойынша жарылыс кезінде 3 пәтерге зиян келген көрінеді. Бастапқыда жарылыстан 1994 жылы туған бір адам қайтыс болғаны ғана айтылса, кейін үйінділерді тазалау кезінде тағы үш адамның мәйіті табылды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Қазір олардың барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр.   

 Апат бойынша комиссия құрылып, жарылыс дерегіне қылмыстық іс қозғалған. Сонымен бірге, өңірде бірнеше кеніштен мұнай өндіріп отырған «ҚазМұнайГаз» компаниясы баспанасыз қалған бірнеше тұрғынға пәтер беретінін мәлімдеді.     

Маңғыстау облысында соңғы рет газдың ірі жарылысы 2021жылдың күзінде болған еді. Ақтаудағы тамақтану орнында кешкілік газ балоны атылып, ғимарат тұтас жарамсыз болып қалды. Жұмыс уақыты аяқталғандықтан апат кезінде іште адам болмағандықтан ешкім зардап шекпеді.

Тегтер: