Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:51, 25 Наурыз 2025

Жаңаөзендегі сауда орталығындағы өртті сөндірушілердің бірі жансақтау бөліміне түсті

Өрт
Фото: ТЖМ

Сауда орталығындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайдыМаңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

25 наурызға қараған түні Жаңаөзендегі құрылысы аяқталмаған «Заңгер» сауда орталығында өрт шықты. Ғимараттың екінші қабаты өртеніп, жалын 300 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған. Өрт шамамен екі сағатта сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірі зардап шекті.

«Жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды және дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Жақын арада ер адамды Ақтаудағы облыстық ауруханаға жіберу жоспарлануда.

Тегтер: