Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 17 Сәуір 2023

Жаңаөзендегі жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None

Аймақ басшысы Жаңаөзен ауруханасына жатқызылған апаттан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Жас Алаш.

«Бұл жерде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Н. Ноғаев.

Оның айтуынша, ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізіледі.

Үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 04:05-те Жаңаөзен қаласында 12-пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы төгіліп, 150 шаршы метр аумаққа зиян келді. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты.  Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер берілетіні хабарланды

Тегтер: