Жаңаөзенді ауыл жастары да қолдап жатыр (видео)

Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылының жастары наразылыққа шығып жатқан Жаңаөзендіктерді қолдап бейне үндеу жолдады.
Сарыөзек тұрғындары шымбайға батқан қымбатшылықты реттей алмаса Үкімет «отставкаға » кетсін деген талаптарын білдірді.
«Жоғарыда отырған ел басшыларына газ, жанар — жағар май, азық- түлік және де мал азығының бағасын тұрақтандыруды талап етеміз. Ауылда тұратын қазақ ұлтының 80 пайызының мал азығын дайындайтын шабындық жерлері жоқ. Осыған ұқсайтын халықтың проблемасы өте көп. Бұл талапты орындамаса үкімет отставкаға кетсін. Біз Жаңаөзендіктерді қолдаймыз »,- деп Сарыөзек ауылының жастары бейне үндеу таратты.
Жалпы Қарағанды облысында митинг өткен жоқ. Тек тұрғындар арасында кейбірі наразы пікірін білдіріп жеке бейне үндеу жасап таратуда.